Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 154364 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Bozoi Operating" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары үшін 2033 жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Ж. Жидеханов |