Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 323 "Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 30665 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Шамбалаев |
Шалқар аудандық мәслихатының 2025 жылғы "19" ақпандағы № 394 шешіміне қосымша |
|
Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 323 шешіміне қосымша |
Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | теңге (қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 302,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 370,00 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлеміне) | 1 м3 | 2264,00 |