Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 323 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қарашада № 30665 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
17 қарашадағы № 323 шешіміне
қосымша

Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

      Ескерту. Қосымша қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

105,00

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

128,62

Жылдық тариф бірлігіне (көлеміне)

1 м3

787,48


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады