Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 41- бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37 - баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17 - бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Куренбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | М. Сұлтанғазиев |
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы " 8 " мамырдағы № 127 қаулысының қосымшасы |
"Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тіл басқармасы) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Тіл басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Тіл басқармасы ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Тіл басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Тіл басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Тіл басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Тіл басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 1 шағын ауданы, 45 Г.
9. Осы Ереже Тіл басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
10. Тіл басқармасының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Тіл басқармасы кәсіпкерлік субъектілерімен Тіл басқармасының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Тіл басқармасына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белігіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаты:
1) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
13. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1)мемлекеттік органдардың тіл саясаты саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында мәселелерді шешу үшін облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
3) тiл саясаты мәселелерi бойынша барлық мекемелер, мемлекеттiк органдар, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4)"Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;
5)өз құзыретi шегiнде келiсiмдер, шарттар жасауға;
6) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Міндеттері:
1)өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау;
2)Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің
актілері мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау;
3)өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдаманың (бұдан әрі –Тұжырымдама) орындалу барысы туралы талдамалық жиынтық ақпаратты енгізу;
2) Тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізу;
3) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың жергілікті атқарушы органдарының және аудан әкімі аппараттарының, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) облыс тұрғындарына тілдерді оқыту және тілдерді үйретуге арналған заманауи мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып әдістемелік құралдар әзірлеу жұмыстарын үйлестіру;
5) тілдік ахуал мәселелері, облыс тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін бағалау бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу;
6) мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
7) тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған конкурстар, әдеби кештер, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу;
8) этностардың ана тілдерін оқытуға жағдай жасау мәселелері бойынша этно-мәдени бірлестіктер және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастықты арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру бойынша іс-шараларды іске асыру;
9) тіл саясаты мәселелері бойынша мекемелер (ұйымдар), мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
10) тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдау;
11) тілдік белгісі бойынша кемсітуге жол бермеу, тілдік кемсітушіліктің алдын алу және болдырмау бағытында жұмыстар жүргізу;
12) тіл басқармасының құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы құқықтық актілерді, келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
13) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде жарнама мәтіндерінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңына сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
14) меншік нысанына қарамастан мекеме, ұйымдардың, жеке тұлғалардың деректеме мен көрнекі ақпарат мәтініне келісім беру;
15) маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;
16) жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамыту;
17) "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
18) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының шеңберінде мемлекеттік органның интернет-ресурсында электронды ақпараттық ресурстардың анықтығын және өзектілігін қамтамасыз ету, толтыру;
20) мемлекеттік орган қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасау;
21) ашық деректер интернет порталында Алматы облысында жетекшілік ететін салалары бойынша жинақ ашық деректерді өзектендіруді қамтамасыз ету және орналастыру;
22) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру;
23) "Мекенжай" ақпараттық жүйесінің контентін толықтыру жұмыстарын жүргізу;
24) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
15. Тіл басқармасын басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Тіл басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Тіл басқармасының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Тіл басқармасының бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауап береді;
2) Басқарманың штат кестесін, жұмыс жоспарын, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) бөлім басшыларын және бас мамандарды, мемлекеттік қызметші емес жұмысшыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) қызметтік тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
5) іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысын тағайындайды және босатады;
7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Басқарманың барлық қызметшілерінің орындауы міндетті болып табылатын нұсқаулар береді;
8) басқарманы мемлекеттік органдарда және басқа мекемелер мен ұйымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық соттарында басқарма атынан әрекет етеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдауға жауапты және өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін заңда көздеген тәртіпте жауаптылықта болады;
10) тілдерді дамытуға белсене қатысқан тұлғаларды марапаттау туралы мәселелерді шешеді;
11) басқарманың барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
12) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы;
13) облыстық жобалық басқарудың базалық бағытындағы жобалар тобына басшылықты жүзеге асырады;
14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Тіл басқармасының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Тіл басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
20. Тіл басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Тіл басқармасына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Тіл басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тіл басқармасының қарамағындағы мекеменің тізбесі:
"Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумақтық филиалдарының тізбесі:
1) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Балқаш аудандық филиалы;
2) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалы;
3) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жамбыл аудандық филиалы;
4) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Іле аудандық филиалы;
5) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кеген аудандық филиалы;
6) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай аудандық филиалы;
7) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Талғар аудандық филиалы;
8) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұйғыр аудандық филиалы;
9) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Райымбек аудандық филиалы;
10) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алатау қалалық филиалы;
11) "Алматы облысының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шелек ауылдық округ филиалы.