"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 бабтарына және Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талғар ауданының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар барлық маршруттары үшін тұрақты тасымалдау тарифі көлік картасының немесе ұялы байланыс операторының мобильді қосымшаның қызметтері арқылы 120 (жүз жиырма) теңге, жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге көлемінде белгіленсін.
2. Аудан әкімінің 05.08.2022 жылғы "Талғар ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" № 08-362 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О. Каспакбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы тіркелген күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа еңгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Айдарбеков |