Талғар ауданы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № 03-95 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 бабтарына және Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талғар ауданының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар барлық маршруттары үшін тұрақты тасымалдау тарифі көлік картасының немесе ұялы байланыс операторының мобильді қосымшаның қызметтері арқылы 120 (жүз жиырма) теңге, жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Аудан әкімінің 05.08.2022 жылғы "Талғар ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" № 08-362 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О. Каспакбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы тіркелген күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Айдарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады