Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 233 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Тізбенің 9, 10, 12, және 17-тармақтары 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін
атқарушы 2025 жылғы
15 мамырдағы № 233
Бұйрығымен бекітілген

Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесі

Уәкілетті органдардың атауы

Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдердің атауы

Салықтық емес түсімдер

1.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті салалардың уәкілетті органдары

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

2.

Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер

3.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

Республикалық меншіктегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер

4.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімдері

Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

Орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттар

Бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) қаражатты қайтару

5.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер

6.

Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін түсімдер

7.

Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы

8.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

"Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер

9.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Атқарушылық санкция

10.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

11.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда)

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысы негізінде тәркіленген мүлікті , республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын өткізуден түсетін түсімдер

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісінің негізінде оларды тәркілеу нәтижесінде мемлекеттік меншікке түскен ақша

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісі негізінде тәркіленген мүлікті сатудан мемлекет меншігіне түскен ақша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза кірісі бөлігінің түсімдері

12.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындауға сот қаулысы келіп түскен жағдайда)

Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар

13.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындауға сот қаулысы келіп түскен жағдайда)

Сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында сот отырысында процестік міндеттерді орындамағаны және тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар

14.

Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер

Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын пайдалану үшін алып қойған кезде орман шаруашылығы өндірістерінің шығасыларын өтеуден түсетін түсімдер

15.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Жәбірленушілерге өтемақы қорына регрестік талаптар тәртібінде өндіріп алынған ақша түсімдері

16.

Жергілікті атқарушы орган

Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану үшін оларды алған кезде ауыл шаруашылығы өндірістерінің шығасыларын өтеуден түсетін түсімдер

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер

17.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшін сыйақылар

Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша республикалық бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

18.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі депозиттері және бірыңғай қазынашылық шоттағы күнделікті ақша қалдығы бойынша сыйақылар

Республикалық бюджеттің уақытша бос қаражатын қаржы құралдарына орналастырудан алынған және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражатын қаржы құралдарына орналастыруынан алынған сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар

Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы

Мұнай секторы ұйымдарынан және салықтық емес төлемдерден қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін өзге де салықтық емес түсімдер

Мүлікті жария еткені үшін алым

Жәбірленушілерге өтемақы қорына басқа да салықтық емес түсімдер

Арнаулы мемлекеттік қордың мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған ақша, оның ішінде мүлікті өткізуден түскен ақша

Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасына сәйкес басқарушы компанияның меншігіне түскен не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде өзге мүлікті өткізуден түскен ақша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы

19.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

20.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

Мемлекеттiк резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден түсетін түсімдер

Нормативтен тыс қорларды сатудан түсетін түсімдер

Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер

Мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер

Мемлекеттік резервінің кәдеге жаратылған сатудан түсетін түсімдер

Арнайы түсімдер

21.

Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары Қазақстан Республикасының аумағындағы қатты пайдалы қазбалар саласындағы аумақтағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аударымдары

22.

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутек шикізаты және уран саласындағы аумақтағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аударымдары

Трансферттер түсімдері

23.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

Пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

Атырау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою

Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою

Алматы қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою

Астана қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен республикалық бюджеттің шығындарына өтемақыға берілетін трансферттердің түсімдері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке өткен жылы аударылмаған кепілдендірілген трансферт сомасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферт

Бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жете пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

Арнаулы мемлекеттік қордан түсетін трансферт

Бюджеттік кредиттерді өтеу

24.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқару органдарының қайтаруы

Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді жеке және заңды тұлғалардың қайтаруы

Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражатты қайтару

Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджет қаражаты бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекет пайдасына алынған немесе өндірілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер

Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару

Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару

2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеу

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

25.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер

Халықаралық ұйымдардың заңды тұлғаларының қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер

Қарыздар түсімі

26.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер

Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер

Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатудан түсетін түсімдер

Өзге де мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар

Қазақстан Республикасының Үкіметі алатын қарыздар

Халықаралық қаржы ұйымдарынан кредиттер

Шет мемлекеттерден кредиттер

Шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалардан кредиттер

Сыртқы капитал рыноктарында орналастырылған мемлекеттік борыштық міндеттемелер


Об утверждении перечня уполномоченных органов по неналоговым поступлениям в республиканский бюджет, Национальный Фонд Республики Казахстан, Фонд компенсации потерпевшим, Специальный государственный фонд и уполномоченных государственных органов, ответственных за взимание и осуществляющих контроль за поступлениями от продажи основного капитала, трансфертов, сумм погашения бюджетных кредитов, от продажи финансовых активов государства, займов в разрезе неналоговых поступлений

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 15 мая 2025 года № 233

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие см. п. 3.

      В соответствии с пунктом 7 статьи 52 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень уполномоченных органов по неналоговым поступлениям в республиканский бюджет, Национальный фонд Республики Казахстан, Фонд компенсации потерпевшим, Специальный государственный фонд и уполномоченных государственных органов, ответственных за взимание и осуществляющих контроль за поступлениями от продажи основного капитала, трансфертов, сумм погашения бюджетных кредитов, от продажи финансовых активов государства, займов в разрезе неналоговых поступлений (далее – Перечень).

      2. Департаменту налогового и таможенного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, при этом пункты 9, 10, 12 и 17 Перечня действуют по 31 декабря 2025 года включительно.

      Исполняющий обязанности
Министра финансов
Республики Казахстан
Е. Биржанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство юстиции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Генеральная Прокуратура
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Исполняющий обязанности
Министра финансов
Республики Казахстан
от 15 мая 2025 года № 233

Перечень уполномоченных органов по неналоговым поступлениям в республиканский бюджет, Национальный фонд Республики Казахстан, Фонд компенсации потерпевшим, Специальный государственный фонд и уполномоченных государственных органов, ответственных за взимание и осуществляющих контроль за поступлениями от продажи основного капитала, трансфертов, сумм погашения бюджетных кредитов, от продажи финансовых активов государства, займов в разрезе неналоговых поступлений

Наименование уполномоченных органов

Наименование поступлений в республиканский бюджет, Национальный фонд Республики Казахстан, Фонд компенсации потерпевшим, Специальный государственный фонд

Неналоговые поступления

1.

Уполномоченные органы соответствующих отраслей в отношении республиканских государственных предприятий

Поступления части чистого дохода республиканских государственных предприятий

2.

Государственные органы, осуществляющие право владения и пользования государственным пакетом акций

Дивиденды на государственные пакеты акций, находящиеся в республиканской собственности

3.

Государственные органы, осуществляющие право владения и пользования долями участия в товариществах с ограниченной ответственностью

Доходы на доли участия в юридических лицах, находящиеся в республиканской собственности

4.

Государственные органы, финансируемые из республиканского бюджета

Поступления от реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями, финансируемыми из республиканского бюджета

Поступления дебиторской, депонентской задолженности государственных учреждений, финансируемых из республиканского бюджета

Возврат неиспользованных средств, ранее полученных из республиканского бюджета

Поступления денег от проведения государственных закупок, организуемых государственными учреждениями, финансируемыми из республиканского бюджета

Гранты, привлекаемые центральными государственными органами

Возврат неиспользованных (недоиспользованных) средств ранее полученных из республиканского бюджета за счет целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан

5.

Министерство обороны Республики Казахстан

Поступления арендной платы за пользование военными полигонами

6.

Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан

Доходы от продажи вооружения и военной техники

7.

Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан

Плата за предоставление в пользование информации о недрах

8.

Аэрокосмический комитет Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Поступления арендной платы за пользование комплексом "Байконур"

9.

Министерство юстиции Республики Казахстан

Исполнительская санкция

10.

Уполномоченные государственные органы, финансируемые из республиканского бюджета

Административные штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые центральными государственными органами, их территориальными подразделениями, за исключением поступлений от организаций нефтяного сектора

Прочие штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые государственными учреждениями, финансируемыми из республиканского бюджета, за исключением поступлений от организаций нефтяного сектора, в Фонд компенсации потерпевшим и Специальный государственный фонд

11.

Уполномоченные государственные органы, финансируемые из республиканского бюджета, Национальный Банк Республики Казахстан (по согласованию), Министерство юстиции Республики Казахстан (при наличии постановления суда о принудительном исполнении)

Административные штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые центральными государственными органами, их территориальными подразделениями на организации нефтяного сектора

Прочие штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые государственными учреждениями, финансируемыми из республиканского бюджета, на организации нефтяного сектора

Другие неналоговые поступления от организаций нефтяного сектора

Поступления от реализации конфискованного имущества, имущества, безвозмездно перешедшего на основании постановления Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям" в республиканскую собственность, в том числе товаров и транспортных средств, оформленных в таможенном режиме отказа в пользу государства

Деньги, поступившие в государственную собственность в результате их конфискации на основании судебного акта, вынесенного по коррупционному правонарушению

Деньги, поступившие в государственную собственность от реализации конфискованного имущества, на основании судебного акта, вынесенного по коррупционному правонарушению

Поступления части чистого дохода Национального Банка Республики Казахстан

12.

Министерство юстиции Республики Казахстан (при поступлении постановления суда на принудительное исполнение)

Штрафы, назначенные за совершение уголовных правонарушений по приговорам судов

13.

Министерство юстиции Республики Казахстан (при поступлении постановления суда на принудительное исполнение)

Принудительные платежи, взыскиваемые судом

Денежные взыскания, наложенные судом за неисполнение процессуальных обязанностей и нарушение порядка в судебном заседании в ходе производства по уголовному делу

14.

Министерство экологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Средства, полученные от природопользователей по искам о возмещении вреда организациями нефтяного сектора

Поступления, полученные от передачи единиц установленного количества и управления резервом объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов

Поступления от возмещения потерь лесохозяйственного производства при изъятии лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного хозяйства

15.

Генеральная Прокуратура Республики Казахстан

Поступления денег, взысканных в порядке регрессных требований, в Фонд компенсации потерпевшим

16.

Местный исполнительный орган

Поступления от возмещения потерь сельскохозяйственного производства при изъятии сельскохозяйственных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением сельского хозяйства

Поступления от продажи земельных участков сельскохозяйственного назначения

17.

Министерство финансов
Республики Казахстан

Вознаграждения за размещение средств государственных внешних займов на счетах в банках второго уровня

Поступление сумм от добровольной сдачи или взыскания незаконно полученного имущества или стоимости незаконно предоставленных услуг лицам, уполномоченным на выполнение государственных функций, или лицам, приравненным к ним

Штрафы, пени, санкции, взыскания по бюджетным кредитам (займам), выданным из республиканского бюджета местным исполнительным органам областей, городов республиканского значения, столицы

Штрафы, пени, санкции, взыскания по бюджетным кредитам (займам), выданным из республиканского бюджета специализированным организациям, иностранным государствам, физическим лицам

18.

Министерство финансов
Республики Казахстан

Доходы от аренды имущества, находящегося в республиканской собственности

Вознаграждения по депозитам Правительства Республики Казахстан в Национальном Банке Республики Казахстан и на ежедневный остаток денег на едином казначейском счете

Вознаграждения, полученные от размещения в финансовые инструменты временно свободных средств республиканского бюджета, и на ежедневный остаток денег на едином казначейском счете

Вознаграждения, полученные от размещения в финансовые инструменты временно свободных бюджетных средств субъектами квазигосударственного сектора

Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из республиканского бюджета за счет внутренних источников местным исполнительным органам областей, городов республиканского значения, столицы

Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из республиканского бюджета за счет средств правительственных внешних займов местным исполнительным органам областей, городов республиканского значения, столицы

Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из республиканского бюджета за счет внутренних источников специализированным организациям

Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из республиканского бюджета за счет средств правительственных внешних займов специализированным организациям

Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из республиканского бюджета до 2005 года за счет средств правительственных внешних займов юридическим лицам

Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из республиканского бюджета физическим лицам

Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным иностранным государствам

Вознаграждения по оплаченным Правительством Республики Казахстан требованиям по государственным гарантиям

Вознаграждения от государственных эмиссионных ценных бумаг, приобретенных на организованном рынке ценных бумаг

Плата за сервитут по земельным участкам, находящимся в республиканской собственности

Прочие неналоговые поступления в республиканский бюджет, за исключением поступлений от организаций нефтяного сектора и во внебюджетные фонды, финансируемые за счет неналоговых платежей

Сбор за легализацию имущества

Другие неналоговые поступления в Фонд компенсации потерпевшим

Деньги, безвозмездно передаваемые в государственную собственность от физических и (или) юридических лиц на цели Специального государственного фонда

Деньги, в том числе от реализации имущества, возвращенного в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О возврате государству незаконно приобретенных активов" и другими Законами Республики Казахстан

Деньги от реализации иного имущества, поступившего в собственность управляющей компании либо в результате ее деятельности по управлению активами в соответствии с законодательством Республики Казахстан о возврате активов

Плата за пропуск через Государственную границу Республики Казахстан автомобильных транспортных средств, грузов и товаров, а также их прохождение по электронной очереди

19.

Министерство внутренних дел Республики Казахстан

Денежные взыскания с осужденного, в отношении которого вступил в законную силу обвинительный приговор суда и которому назначено наказание в виде исправительных работ

Поступления от продажи основного капитала

20.

Комитет по государственным материальным резервам Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Поступления от погашения задолженности за полученные товары из государственных резервов

Поступления от реализации сверхнормативных запасов

Поступления от реализации материальных ценностей мобилизационного резерва

Поступления от реализации материальных ценностей государственного материального резерва

Поступления от реализации утилизированных товаров государственного материального резерва

Специальные поступления

21.

Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан

Отчисления недропользователей на научно-исследовательские, научно-технические, опытно-конструкторские работы на территории в области твердых полезных ископаемых на территории Республики Казахстан

22.

Министерство энергетики Республики Казахстан

Отчисления недропользователей на научно-исследовательские, научно-технические, опытно-конструкторские работы на территории в области углеводородного сырья и урана на территории Республики Казахстан

Поступление трансфертов

23.

Министерство финансов Республики Казахстан

Возврат использованных не по целевому назначению целевых трансфертов

Возврат неиспользованных (недоиспользованных) целевых трансфертов

Бюджетное изъятие из областного бюджета Атырауской области

Бюджетное изъятие из областного бюджета Мангистауской области

Бюджетное изъятие из бюджета города Алматы

Бюджетное изъятие из бюджета города Астаны

Поступления трансфертов из областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на компенсацию потерь республиканского бюджета

Гарантированный трансферт в республиканский бюджет из Национального фонда Республики Казахстан

Неперечисленная за прошедший год сумма гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан в республиканский бюджет

Целевой трансферт в республиканский бюджет из Национального фонда Республики Казахстан

Возврат трансфертов общего характера в случаях, предусмотренных бюджетным законодательством

Возврат сумм неиспользованных (недоиспользованных) целевых трансфертов на развитие, выделенных в истекшем финансовом году, разрешенных доиспользовать по решению Правительства Республики Казахстан

Возврат сумм неиспользованных (недоиспользованных) целевых трансфертов, выделенных из республиканского бюджета за счет целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан

Возврат, использованных не по целевому назначению целевых трансфертов, выделенных из республиканского бюджета за счет целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан

Трансферт из Специального государственного фонда

Погашение бюджетных кредитов

24.

Министерство финансов Республики Казахстан

Погашение бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета за счет внутренних источников местным исполнительным органам областей, городов республиканского значения, столицы

Погашение бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета за счет средств правительственных внешних займов местным исполнительным органам областей, городов республиканского значения, столицы

Погашение бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета за счет внутренних источников специализированным организациям

Погашение бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета за счет средств правительственных внешних займов специализированным организациям

Погашение бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета до 2005 года за счет средств правительственных внешних займов юридическим лицам

Погашение бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета физическим лицам

Погашение бюджетных кредитов, выданных иностранным государствам

Возврат местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы использованных не по целевому назначению кредитов, выданных из республиканского бюджета

Возврат физическими и юридическими лицами использованных не по целевому назначению кредитов, выданных из республиканского бюджета

Возврат средств, направленных на исполнение обязательств по государственным гарантиям

Поступления от реализации имущества, полученного или взысканного в пользу государства в счет погашения задолженности по бюджетным кредитам, а также бюджетным средствам, направленным на исполнение обязательств по государственным гарантиям

Возврат неиспользованных бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета

Возврат из областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы неиспользованных бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета

Возврат из областных бюджетов, бюджетов города республиканского значения, столицы неиспользованных бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета за счет целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан

Погашение бюджетных кредитов, выделенных из республиканского бюджета за счет целевых трансфертов из Национального Фонда Республики Казахстан до 1 января 2024 года

Поступления от продажи финансовых активов государства

25.

Министерство финансов Республики Казахстан

Поступления от приватизации республиканской собственности

Поступления от продажи доли участия, ценных бумаг юридических лиц международных организаций

Поступления от передачи в конкурентную среду активов национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний и их дочерних, зависимых и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними

Поступления займов

26.

Министерство финансов Республики Казахстан

Государственные долгосрочные казначейские обязательства

Государственные среднесрочные казначейские обязательства

Государственные краткосрочные казначейские обязательства

Поступления от продажи государственных эмиссионных ценных бумаг на организованном рынке ценных бумаг

Прочие государственные эмиссионные ценные бумаги

Займы, получаемые Правительством Республики Казахстан

Кредиты от международных финансовых организаций

Кредиты от иностранных государств

Кредиты от иностранных коммерческих банков и фирм

Государственные долговые обязательства, размещенные на внешних рынках капиталов