ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Тізбенің 9, 10, 12, және 17-тармақтары 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 15 мамырдағы № 233 Бұйрығымен бекітілген |
Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдардың және салықтық емес түсімдер бөлінісінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттерді, қарыздарды өтеу сомаларына жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесі
№ | Уәкілетті органдардың атауы | Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдердің атауы |
Салықтық емес түсімдер | ||
1. | Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті салалардың уәкілетті органдары | Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері |
2. | Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар | Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер |
3. | Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар | Республикалық меншіктегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер |
4. | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдер |
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімдері | ||
Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттарды қайтару | ||
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | ||
Орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттар | ||
Бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) қаражатты қайтару | ||
5. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі | Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер |
6. |
Қазақстан Республикасының | Қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін түсімдер |
7. |
Қазақстан Республикасының | Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы |
8. | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті | "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысынан түсетін түсімдер |
9. | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі | Атқарушылық санкция |
10. | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
11. | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда) | Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер | ||
"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысы негізінде тәркіленген мүлікті , республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын өткізуден түсетін түсімдер | ||
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісінің негізінде оларды тәркілеу нәтижесінде мемлекеттік меншікке түскен ақша | ||
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісі негізінде тәркіленген мүлікті сатудан мемлекет меншігіне түскен ақша | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза кірісі бөлігінің түсімдері | ||
12. | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындауға сот қаулысы келіп түскен жағдайда) | Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар |
13. | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындауға сот қаулысы келіп түскен жағдайда) | Сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер |
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында сот отырысында процестік міндеттерді орындамағаны және тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар | ||
14. |
Қазақстан Республикасының | Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат |
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер | ||
Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын пайдалану үшін алып қойған кезде орман шаруашылығы өндірістерінің шығасыларын өтеуден түсетін түсімдер | ||
15. | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы | Жәбірленушілерге өтемақы қорына регрестік талаптар тәртібінде өндіріп алынған ақша түсімдері |
16. | Жергілікті атқарушы орган | Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану үшін оларды алған кезде ауыл шаруашылығы өндірістерінің шығасыларын өтеуден түсетін түсімдер |
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер | ||
17. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшін сыйақылар |
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша республикалық бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | ||
18. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі депозиттері және бірыңғай қазынашылық шоттағы күнделікті ақша қалдығы бойынша сыйақылар | ||
Республикалық бюджеттің уақытша бос қаражатын қаржы құралдарына орналастырудан алынған және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар | ||
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос бюджет қаражатын қаржы құралдарына орналастыруынан алынған сыйақылар | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар | ||
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар | ||
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар | ||
Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы | ||
Мұнай секторы ұйымдарынан және салықтық емес төлемдерден қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін өзге де салықтық емес түсімдер | ||
Мүлікті жария еткені үшін алым | ||
Жәбірленушілерге өтемақы қорына басқа да салықтық емес түсімдер | ||
Арнаулы мемлекеттік қордың мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша | ||
"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған ақша, оның ішінде мүлікті өткізуден түскен ақша | ||
Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасына сәйкес басқарушы компанияның меншігіне түскен не оның активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде өзге мүлікті өткізуден түскен ақша | ||
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы | ||
19. | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | Өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар |
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | ||
20. | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті | Мемлекеттiк резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден түсетін түсімдер |
Нормативтен тыс қорларды сатудан түсетін түсімдер | ||
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер | ||
Мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер | ||
Мемлекеттік резервінің кәдеге жаратылған сатудан түсетін түсімдер | ||
Арнайы түсімдер | ||
21. |
Қазақстан Республикасының | Жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары Қазақстан Республикасының аумағындағы қатты пайдалы қазбалар саласындағы аумақтағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аударымдары |
22. |
Қазақстан Республикасының | Жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутек шикізаты және уран саласындағы аумақтағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аударымдары |
Трансферттер түсімдері | ||
23. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару |
Пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | ||
Атырау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Алматы қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Астана қаласының бюджетінен бюджеттік алып қою | ||
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен республикалық бюджеттің шығындарына өтемақыға берілетін трансферттердің түсімдері | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке өткен жылы аударылмаған кепілдендірілген трансферт сомасы | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферт | ||
Бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару | ||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жете пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару | ||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару | ||
Арнаулы мемлекеттік қордан түсетін трансферт | ||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
24. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқару органдарының қайтаруы | ||
Республикалық бюджеттен берілген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кредиттерді жеке және заңды тұлғалардың қайтаруы | ||
Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражатты қайтару | ||
Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған бюджет қаражаты бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекет пайдасына алынған немесе өндірілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер | ||
Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару | ||
Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен қайтару | ||
2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеу | ||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | ||
25. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер |
Халықаралық ұйымдардың заңды тұлғаларының қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер | ||
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер | ||
Қарыздар түсімі | ||
26. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер |
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер | ||
Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер | ||
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатудан түсетін түсімдер | ||
Өзге де мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар | ||
Қазақстан Республикасының Үкіметі алатын қарыздар | ||
Халықаралық қаржы ұйымдарынан кредиттер | ||
Шет мемлекеттерден кредиттер | ||
Шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалардан кредиттер | ||
Сыртқы капитал рыноктарында орналастырылған мемлекеттік борыштық міндеттемелер |