Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Pana Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төменде көрсетілген жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 03 сәуіріне дейін қоғамдық сервитут белгіленсін:
1) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне газ құбырын жүргізу үшін алаңы 0,0514 га.
"Pana Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 3536 (үш мың бес жүз отыз алты) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
2) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне электр желісін жүргізу үшін алаңы 0,0273 га.
"Pana Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 1878 (бір мың сегіз жүз жетпіс сегіз) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
3) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне кәріз құбырын жүргізу үшін алаңы 0,0044 га.
"Pana Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 303 (үш жүз үш) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
4) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне су құбырын жүргізу үшін алаңы 0,0069 га.
"Pana Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 475 (төрт жүз жетпіс бес) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
5) Шымкент қаласы, 189 орам, нөмірсіз мекенжайында орналасқан жер учаскесіне байланыс (ғаламтор) желісін жүргізу үшін алаңы 0,0046 га.
"Pana Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 316 (үш жүз он алты) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.
2. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Р. Берденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімі | Ғ. Сыздықбеков |