Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17,69-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңының 8 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ботембай" ЖШС-не 1352,311 гектар құрайтын жер телімде қатты пайдалы қазбаларды іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін алып қоймай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын және қауымдық сервитут құқығының мерзімі 6 (алты) жылға берілсін.
3. "Ботембай" ЖШС-не жер телімінде орналасқан жер пайдаланушылармен жекеше сервитут шартына отыру тапсырылсын.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Әбдіғожинге жүктелсін.
Аудан әкімі | Қ.Ш. Қожықаев |