"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 171 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 11 кіреберіс.";

      14 тармақта:

      3-абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;";

      5-абзацтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комитеттің құзыреті шегінде шығармашылық сайыстарды (конкурстар, олимпиадалар, фестивальдар, ойындар), көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, шеберлік сыныптарын, тағылымдамаларды және басқа іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;";

      15-тармақта:

      6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      20) тармақшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады, мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа да тілдерінің беделін арттыруға бағытталған ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен әдістемелік семинарлар ұйымдастыру және өткізу;";

      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) Қазақ тілінің ұлттық корпусын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 31-1) және 31-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "31-1) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      31-2) Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыру және дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындау;".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 2-к "Об утверждении положения Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 8 апреля 2025 года № 171

      В соответствии с пунктом 3 статьи 65 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 13 сентября 2022 года № 2-к "Об утверждении положения Комитета языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении республиканского государственного учреждения "Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан", утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Местонахождение Комитета: 010000, Республика Казахстан, город Астана, Есильский район, проспект Мәңгілік Ел, дом 8, здание "Дом министерств", подъезд № 11.";

      пункт 14:

      в абзац 3 вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в абзац 5 вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 15:

      подпункт 6) исключить;

      дополнить подпунктам 10-1) следующего содержания:

      "10-1) составление протоколов об административных правонарушениях, рассмотрение дел об административных правонарушениях и наложение административных взысканий;";

      подпункт 11) изложить в следующей редакции:

      "11) осуществление государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках в центральных государственных органах и их ведомствах, местных исполнительных органах областей, городов республиканского значения, столицы;";

      в подпункт 20) вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      дополнить подпунктом 30-1) следующего содержания:

      "30-1) разработка и утверждение правил формирования и ведения Национального корпуса казахского языка;";

      дополнить подпунктами 31-1) и 31-2) следующего содержания:

      "31-1) разработка и утверждение правил формирования и ведения Национального словарного фонда казахского языка;

      31-2) определение юридического лица, ответственного за сопровождение и развитие Национального словарного фонда казахского языка;".

      2. Комитету языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленные сроки принять необходимые меры, вытекающие из настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр науки и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек