ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі:
177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
177. | 00403010 | Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету | ОМ | "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелді. |
";
448, 449 және 450-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
448. | 00802001 | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру | Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру | ОМ | "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қрашада № 30833 болып тіркелді. |
| Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру | ОМ | |||
450. | Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу | ОМ |
";
530, 531 және 531-1-тармақтар мынадай мазмұндағы 531-2-тармақпен толықтырылсын:
"
530. | 00903014 | Тауар биржалары саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру | Тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу | БҚДА | |
531. | Тауар биржалары саласында клирингтік қызметпен айналысу құқығына лицензия алу | БҚДА | |||
531-1. | Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия алу | БҚДА | |||
531-2. | Лицензияны қайта ресімдеу | БҚДА |
";
мынадай мазмұндағы 568-1-тармақпен толықтырылсын:
"
568-1. | 01101004-1 | Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсат беру | КМ |
";
809-тармақ алып тасталсын;
1269-тармақта өзгерістер орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда және 2025 жылғы 3 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мәдиев |