"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30833 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2022 жылғы "__" _______

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 483 бұйрығымен
бекітілген

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш білім беруді, негізгі орта білім беруді, жалпы орта білім беруді, біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім беруді, біліктіліктер бойынша орта білімнен кейінгі білім беруді, діни білім беруді ұсынатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) білім беру қызметімен айналысуына лицензияны беру тәртібін белгілейді.

      2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) діни білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, біліктіліктер бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтінішті, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:

      1) Комитетте:

      жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігін тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкері екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      2) Департаменттерде:

      жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Департамент директорының бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкер екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 11.05.2023 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;

      4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжайы көрсетілген жағдайда);

      5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасында көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;

      6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды.

      Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттардың қайта ресімдеу талаптары мен негіздеріне сәйкестігін қарайды.

      Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      10. Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерді, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын, сондай-ақ, бірыңғай байланыс орталығын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етеді.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру,
діни білім беру саласында
білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру;
2. Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;
3. Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті - лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті - лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті - қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері - лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері- лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері - қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру – "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы;
Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу - "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы;
Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу - "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған):
лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру;
лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу;
қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу не осы негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес бюджетке жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:
1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) АЕК.
Лицензиялық алым төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Лицензияға қосымшаны, берілген лицензияда және/немесе лицензияға қосымшада қателер табылған және тиісті түзетулер енгізілген жағдайларда лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ақы алынбайды.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.edu.gov.kz, control.edu.gov.kz; порталдың: www.egov.kz, www.elicense.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

"электрондық үкімет" порталына:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті:
1) Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы негізгі талаптардың тізбесінің 6-тармағында көзделген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
Іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы негізгі талаптардың тізбесіне 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының электрондық көшірмелері;
діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорына дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытынды хатының электрондық көшірмесі.
2) Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
3) Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе болу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен құжаттардың электрондық көшірмелері қосымша ұсынылады;
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, медициналық қызметпен айналысуға лицензия туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі құжаттардың мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері:
4) Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы негізгі талаптардың тізбесінің 6-тармағында көзделген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерін көрсете отырып, әрбір сұратылған біліктілік бойынша порталда жеке жүргізіледі;
Іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы негізгі талаптардың тізбесіне 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 348 бұйрық) бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 500 бұйрық) бекітілген оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың электрондық көшірмесі;
білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының электрондық көшірмесі;
Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының электрондық көшірмелері. Әрбір ғимаратқа (оқу корпусы) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі. Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың электрондық көшірмесі.Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 55 бұйрық) 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың электрондық көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі;
негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы негізгі талаптардың тізбесіне 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
№ 348 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және № 500 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
білім алушыларды тамақтандырумен қамтамасыз ету шартының электрондық көшірмесі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының электрондық көшірмелері. әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың электрондық көшірмесі.
Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың электрондық көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың электрондық көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі;
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы негізгі талаптардың тізбесіне 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
№ 348 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және № 500 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының электрондық көшірмесі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының электрондық көшірмелері.
Әрбір ғимаратқа (оқу корпусы) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі. Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың электрондық көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың электрондық көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі;
техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы негізгі талаптардың тізбесіне 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
№ 348 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және (немесе) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 221 бабының 2 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына (бар болса), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болса) білім беру ұйымының басшысы бекіткен және білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген тиісті мамандықтың "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері.
Толық оқу кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдеріндегі мамандық бойынша білім беру бағдарламасының электрондық көшірмелері және Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның қорытынды хатының электрондық көшірмесі ("Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриатты эксперимент режимінде енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 305 (бұдан әрі – 305) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10916 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 139 бұйрық) бұйрықтарымен бекітілген эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға мәлімделген жағдайлар бойынша, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін қолданылмайды);
жұмыс орнынан растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратқа жалдау шартының электрондық көшірмесі.
Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың электрондық көшірмесі.
жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың электрондық көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
жатақхананың және/немесе хостелдің және/немесе қонақүйдің болуын растайтын толық оқу кезеңіне жеке не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі студенттерді орналастыруға арналған құжаттардың электрондық көшірмелері. Жатақхананың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – ЖЖОКББҰ) бұйрықтардың және меморандумдардың электрондық көшірмелері;
кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін жоғары оқу орындарымен бұйрықтардың және меморандумдардың электрондық көшірмелері (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
жұмыс орнынан растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы негізгі талаптардың тізбесіне 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
№ 348 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және (немесе) Кодекстің 221 бабының 2-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына (бар болса), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болса) білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген тиісті мамандықтың "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарының көшірмелері. Толық оқу кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдеріндегі мамандық бойынша білім беру бағдарламасының электрондық көшірмелері және Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның қорытынды хатының электрондық көшірмесі (№ 305 және 139 бұйрықтармен бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанынан орналастырылған білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін бағдарламаларға қолданылмайды);
жұмыс орнынан растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;
шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының электрондық көшірмелері. Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың электрондық көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың электрондық көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның электрондық көшірмесі (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
жатақхананың және/немесе хостелдің және/немесе қонақүйдің болуын растайтын толық оқу кезеңіне жеке немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі студенттерді орналастыруға арналған құжаттардың электрондық көшірмелері. Жатақхананың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін ЖЖОКББҰ-мен бұйрықтар мен меморандумдардың электрондық көшірмелері;
кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
жұмыс орнынан растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды);
5) Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;
6) Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу:
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе болу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен құжаттардың электрондық көшірмелері қосымша ұсынылады;
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, медициналық қызметпен айналысуға лицензия туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі құжаттардың мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қолдану үшін көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы сондай-ақ лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінің болуы;
5) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-24-30. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру,
діни білім беру саласында
білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 1-қосымша
Нысан

Педагог және оқытушы кадрлармен, тәлімгерлермен жасақталуы туралы мәліметтер _______________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы, педагогикалық қайта даярлау туралы мәліметтер, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы, өндірістік оқыту шеберлері үшін–тағылымдамадан өткені туралы мәліметтер (ұйымның, өндірістің атауы, Оқу, тағылымдама кезеңі), маман сертификаты

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы)

Оқытылатын пәндер бейіні бойынша практикалық жұмыс туралы мәлімет, жұмыс өтілі

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет*

Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі* педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)*

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      кестенің жалғасы

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы

Тану туралы куәліктің болуы туралы мәлімет

Оқытатын пәні

11

12

13

14

15

16

17








      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе* бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен

      кейінгі білім беру ұйымдары үшін.

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру,
діни білім беру саласында
білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 2-қосымша
Нысан

Оқу, көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Оқу пәні, кәсіп бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының бөлімі

Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы)

Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)

Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)*

Саны кемінде 1 дана

1

2

3

4

5

6







Барлығы:

      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру,
діни білім беру саласында
білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 3-қосымша
Нысан

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (білім беру/денсаулық сақтау ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Ескертпе

1

2

3




      *Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

      Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру,
діни білім беру саласында
білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 4-қосымша
Нысан

Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер _________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Тамақтандыру объектісінің санитариялық қағидаларға мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру,
діни білім беру саласында
білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 5-қосымша
Нысан

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер _____________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет

Меншік үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және спорт залдары), әлеуметтік-тұрмыстық (өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы (унитаздар, қол жуғыштар), білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтеру құрылғыларымен және баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрасты бояумен бояу), тұру үшін жағдай жасау.

Жалпы алаңы (м2)

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      *Ескертпе: *Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру,
діни білім беру саласында
білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 6-қосымша
Нысан

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер

Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы

Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер



Атауы мен ауданы көрсетіл ген аудиториялар, пән кабинет тері*

Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары*

Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2)

Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі

Мәжіліс залы, спорт залы (м2), кітапхана

Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, жеке қолдануға арналған шкафтар, бейнекамералар

Онлайн-оқыту бойынша жабдықтардың болуы туралы мәліметтер

Контингент туралы өзекті деректер базасымен білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, аймақтағы үшінші деңгейлі домендік атау edu.kz туралы мәліметтер.
Интернеттің болуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған мамандық бойынша ақпарат ұсынылады.

      * Компьютерлік сыныптардың болуы туралы біліктілік талаптары шағын жинақты мектептерге қолданылмайды.

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру,
діни білім беру саласында
білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 7-қосымша
Нысан

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Кәсіп бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу пәні

Атауы, жасалған жылы

Авторлары

Халықаралық, ұлттық дерекқорларға жазылу туралы мәлімет

Сілтемелер

1

2

3

4

5

6







      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру,
діни білім беру саласында
білім беру қызметімен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 8-қосымша
Нысан

      Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тақырыптың атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны және жұмыс өтілі

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

7








      Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады