БҰЙЫРАМЫН:
1. "Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 317/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 197619 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мәдиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
№ 148/НҚ от 11.04.2025 | |
бұйрығына қосымша | |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 317/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Р/с | Көрсетілетін қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | ҚҚС-ты есепке алмағанда қызмет құны, теңге |
1. | Халықтың теле-, радиоарналарды қабылдау сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды мониторингілеу: | ||
1.1. | радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды мониторингілеу бойынша жұмыстарды орындау | жылына 1 қызмет | 1 036 122 454 |
1.2. | байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау | сағатына 1 қызмет | 56 773 |
1.3. | халықтың теле-, радиоарналарды қабылдау сапасының параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау | жылына 1 қызмет | 56 028 861 |
2. | Радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру: | ||
2.1. | орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру | 1 жерсеріктік желі | 4 768 774 |
2.2. | радиожиіліктер ресурстарын (жерүсті радиоқызметтерін) халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру | 1 радиобайланыс түрі | 21 466 038 |
3. | Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу: | ||
3.1. | радиорелелік станциялар |
1 станция үшін | 9 534 |
3.2. | ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станциялары |
1 станция үшін | 6 698 |
3.3. |
телевизиялық хабар таратуға арналған радиотаратқыш құрылғылар; |
1 станция үшін | 4 325 |
3.4. | жерсеріктік байланыстың стационарлық (жердегі) станциялары |
1 станция үшін | 3 599 |
3.5. | сымсыз радиоқолжетімділік жүйесінің стационарлық (базалық) станциялары (WLL) |
1 станция үшін | 13 826 |
3.6. |
ультрақысқа толқынды радиобайланысқа және УҚТ-диапазонына сымсыз радиоқолжетімділік жүйесіне арналған стационарлық қабылдау-тарату радиоэлектрондық құралдары; |
1 станция үшін | 8 988 |
4. | Ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қолжетімділік беру: | ||
4.1. | ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқор ресурстарына қолжетімділік беру | айына 1 қызмет | 7 067 704 |
4.2. | абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқор ресурстарына қолжетімділік беру: | ||
4.2.1. | ұялы байланыс операторларына | айына 1 қызмет | 4 499 192 |
4.2.2. | қалааралық және халықаралық байланыс операторларына | айына 1 қызмет | 253 987 |
5. | Радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді және Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз ету: | ||
5.1. | радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету | жылына 1 қызмет | 64 140 163 |
5.2. | Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз ету | жылына 1 қызмет* | 89 494 614 |
6. | Телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісу, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыру: | ||
6.1. | телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісу, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыру |
1 станция үшін | 111 192 |
Ескертпе:
*көрсетілетін қызметтің бағасы құрылатын нақты шығындар бойынша қызметті іске асырған сәттен бастап күнтізбелік бір жыл өткен соң қайта сараптауға жатады.