Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 317/НҚ бұйрығы

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

  бұйрығына қосымша

Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

№ р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС-ты есепке алмағанда қызмет құны, теңге

1.

Халықтың теле-, радиоарналарды қабылдау сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды мониторингілеу:

1.1.

радиожиілік спектрін, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды мониторингілеу бойынша жұмыстарды орындау

жылына 1 қызмет

823 330 347

1.2.

байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау

жылына 1 қызмет

204 883 110

1.3.

халықтың теле-, радиоарналарды қабылдау сапасының параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстарды орындау

жылына 1 қызмет

51 690 976

2.

Радиожиіліктер ресурстарын және орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру:

2.1.

орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру

1 жерсеріктік желі

4 004 445

2.2.

радиожиіліктер ресурстарын (жерүсті радиоқызметтерін) халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру

1 радиобайланыс түрі

15 762 146

3.

Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу:

3.1.

радиорелелік станциялар

1 станция үшін
1 радиожиілік

9 513

3.2.

ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станциялары

1 станция үшін
1 сектор

6 579

3.3.

телевизиялық хабар таратуға арналған радиотаратқыш құрылғылар;
эфирлік-кабельді теледидар станциялары; дыбыстық (радио) хабар таратуға арналған радиотаратқыш құрылғылар

1 станция үшін
1 радиожиілік

4 450

3.4.

жерсеріктік байланыстың стационарлық (жердегі) станциялары

1 станция үшін
1 радиожиілік

3 595

3.5.

сымсыз радиоқолжетімділік жүйесінің стационарлық (базалық) станциялары (WLL)

1 станция үшін
1 радиожиілік

13 673

3.6.

ультрақысқа толқынды радиобайланысқа және УҚТ-диапазонына сымсыз радиоқолжетімділік жүйесіне арналған стационарлық қабылдау-тарату радиоэлектрондық құралдары;
транкингтік радиобайланыс жүйесіне арналған стационарлық қабылдау-тарату радиоэлектрондық құралдары; радиотелеметрияға арналған стационарлық (базалық) қабылдау-тарату станциялары; ұзын толқынды, орташа толқынды, қысқа толқынды диапазонға арналған стационарлық радиоэлектрондық құралдар

1 станция үшін
1 радиожиілік

8 890

4.

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қолжетімділік беру:

4.1.

ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқор ресурстарына қолжетімділік беру

айына 1 қызмет

5 444 412

4.2.

абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқор ресурстарына қолжетімділік беру:

4.2.1.

ұялы байланыс операторларына

айына 1 қызмет

3 337 667

4.2.2.

қалааралық және халықаралық байланыс операторларына

айына 1 қызмет

188 417

5.

Радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді және Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз ету:

5.1.

радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету

жылына 1 қызмет

52 518 179

5.2.

Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс желілерінің болуы және байланыс сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурсты (телекоммуникациялардың цифрлық картасы) техникалық қамтамасыз ету

жылына 1 қызмет*

89 494 614

6.

Телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісу, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыру:

6.1.

телерадио хабарларын тарату желілерінің жиілік-аумақтық жоспарын келісу, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату желілері үшін радиожиіліктерді іріктеу мен қолдап отыру

1 станция үшін
1 тағайындау

111 192

      Ескертпе:

      *көрсетілетін қызметтің бағасы құрылатын нақты шығындар бойынша қызметті іске асырған сәттен бастап күнтізбелік бір жылға жарамды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады