"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік құралдарын өндіру бойынша толық циклді автомобиль зауытын салу және пайдалану" құрылыс объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін объектілерге жатқызылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Қ. Шарлапаев |