"Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 27 ақпандағы № 11-1-4/107 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/291 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ережені бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ереже бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
А. Рахметуллин

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы 27 ақпандағы
№ 11-1-4/107 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер Министрі
2023 жылғы 12 маусымдағы
№ 11-1-4/291 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 214-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының (бұдан әрі дипломатиялық қызмет персоналы) өкілдік керек-жарағының заттарын, сондай-ақ республикалық бюджеттен дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек–жарағының заттары құнының ақшалай төлем шарттарын айқындайды.

      2. Өкілдік керек–жарақ дипломатиялық қызмет персоналының қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіп жүруі үшін арналған дипломатиялық этикеттің қажетті элементі.

      3. Дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы заттары құнының жыл сайынғы біржолғы ақшалай төлемі (бұдан әрі – төлем) өкілдік керек-жарақты сатып алуға не жалға алуға және тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуіне қарай дипломатиялық қызмет персоналына төленеді.

2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарақ заттары

      4. Дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек–жарағының мынадай заттары белгіленеді:

      ерлер үшін: пальто, плащ, күртеше, костюм, фрак, смокинг, белбеу (оның ішінде белдік), кеудеше, пиджак, шалбар, жилет, галстук (оның ішінде галстук-бабочка), жейде, бас киім, қолғап, аяқ киім;

      әйелдер үшін: пальто, плащ, күртеше, костюм, пиджак, жилет, шалбар, белдемше, көйлек, жейде (оның ішінде әйелдер жейдесі), бас киім, қолғап, аяқ киім.

      Дипломатиялық қызмет персоналы төлемінің белгіленген мөлшері шегінде сатып алынатын не жалға алынатын өкілдік керек-жарақ заттарының санын дербес айқындайды.

      5. Дипломатиялық қызмет персоналы өкілдік керек–жарақ заттарын дайын бұйымдарды сатып алу не жеке тіктіру жолымен сатып алады.

      Дипломатиялық қызмет персоналының төлемінің белгіленген мөлшері шегінде өкілдік керек-жарақ заттарын жалға алуына жол беріледі.

      6. Өкілдік керек-жарақ заттарын сатып алу және жалға алу төлемі жыл ішінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Төлемді жүзеге асыру шарттары

      7. Сыртқы істер министрлігінде (әрі қарай – Министрлік) не Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемеге жұмысқа жаңадан қабылданған дипломатиялық қызмет персоналына төлем Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына тағайындалған күннен бастап Министрлікте және(немесе) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерде бір жыл жұмыс істегеннен кейін төлем жүзеге асырылады.

      8. Егер Министрлікке не Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жұмысқа қайта қабылданған дипломатиялық қызмет персоналы бұрын Министрлікте және (немесе) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде дипломатиялық қызмет атқарған жағдайда, төлем оның Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында бір жылдан астам жұмыс өтілі бар болса, оған дипломатиялық қызмет персоналы лауазымына тағайындалған күннен бастап төленеді.

      9. Осы Ережеде көзделген шарттарды ескере отырып, дипломатиялық қызмет персоналына төлемді жүзеге асырудың негізі:

      1) Министрліктің аппарат басшысының бұйрығы;

      2) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі басшысының бұйрығы болып табылады.

О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 12 июня 2023 года № 11-1-4/291 "Об утверждении Положения о представительской экипировке сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан"

Приказ и.о. Министра иностранных дел Республики Казахстан от 27 февраля 2025 года № 11-1-4/107

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 12 июня 2023 года № 11-1-4/291 "Об утверждении Положения о представительской экипировке сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32784) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Положения о представительской экипировке персонала дипломатической службы Республики Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемое Положение о представительской экипировке персонала дипломатической службы Республики Казахстан.";

      Положение о представительской экипировке сотрудников дипломатической службы Республики Казахстан, утвержденное указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Валютно-финансовому департаменту Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Руководителя аппарата Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
А. Рахметуллин

  Приложение к приказу
исполняющего обязанности
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от "27" февраля 2025 года
№ 11-1-4/107
  Утверждено приказом
Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от 12 июня 2023 года
№ 11-1-4/291

Положение о представительской экипировки персонала дипломатической службы Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о представительской экипировке персонала дипломатической службы Республики Казахстан (далее – Положение) разработано в соответствии с подпунктом 214-13) пункта 15 Положения о Министерстве иностранных дел Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118, и определяет предмет представительской экипировки персоналу дипломатической службы Республики Казахстан (далее – персонал дипломатической службы), а также условия денежной выплаты стоимости представительской экипировки персоналу дипломатической службы из республиканского бюджета.

      2. Представительская экипировка – необходимый элемент дипломатического этикета, предназначенный для ношения персоналом дипломатической службы при исполнении служебных обязанностей.

      3. Ежегодная единовременная денежная выплата стоимости представительской экипировки персонала дипломатической службы (далее – выплата) предназначена для приобретения либо аренды представительской экипировки и выплачивается персоналу дипломатической службы по мере выделения средств из республиканского бюджета на соответствующий год.

Глава 2. Предметы представительской экипировки персонала дипломатической службы

      4. Устанавливаются следующие предметы представительской экипировки персонала дипломатической службы:

      для мужчин: пальто, плащ, куртка, костюм, фрак, смокинг, пояс (в том числе ремень), манишка, пиджак, брюки, жилет, галстук (в том числе галстук-бабочка), рубашка, головной убор, перчатки, обувь;

      для женщин: пальто, плащ, куртка, костюм, пиджак, жилет, брюки, юбка, платье, рубашка (в том числе блузка), головной убор, перчатки, обувь.

      Персонал дипломатической службы самостоятельно определяет количество приобретаемых либо арендуемых предметов представительской экипировки в пределах установленных размеров выплат.

      5. Персонал дипломатической службы приобретает предметы представительской экипировки путем покупки готовых изделий или индивидуального пошива.

      Допускается получение предметов представительской экипировки персоналом дипломатической службы в аренду в пределах установленных размеров выплаты.

      6. Приобретение и аренда предметов представительской экипировки осуществляются в течение года, за который осуществляется выплата.

Глава 3. Условия осуществления выплаты

      7. Персоналу дипломатической службы, впервые принятым на работу в Министерство иностранных дел (далее – Министерство) либо загранучреждение Республики Казахстан, выплата осуществляется по истечении одного года работы в Министерстве и (или) загранучреждениях Республики Казахстан со дня назначения на должность персонала дипломатической службы Республики Казахстан.

      8. В случае, если вновь принятый на работу в Министерство либо загранучреждение Республики Казахстан персонал дипломатической службы ранее осуществлял дипломатическую службу Министерстве и (или) загранучреждениях Республики Казахстан, выплата осуществляется со дня назначения на должность персонала дипломатической службы при наличии стажа работы в органах дипломатической службы Республики Казахстан более одного года.

      9. Учитывая условия, предусмотренные настоящим Положением, основанием для осуществления выплаты персоналу дипломатической службы является:

      1) приказ руководителя аппарата Министерства;

      2) приказ руководителя загранучреждения Республики Казахстан.