ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.10.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 11-1-4/136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27388 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүргізеді. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу халықаралық шарттарды басқарудың электрондық жүйесінде (бұдан әрі – Жүйе) жүзеге асырылады.".
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Уәкілетті органға халықаралық шарттың түпнұсқасымен немесе депозитарий ресми куәландырған көшірмесімен бір уақытта Жүйе арқылы анықтама жолданады. Анықтама осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді және оған орталық органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
9. Халықаралық шарттың түпнұсқасы немесе ресми куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ оған қоса берілетін анықтама келіп түскен кезде уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде халықаралық шарттың және оның жасалу тәртібінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 1-тармағына және 8-10-баптарына сәйкестігін анықтайды.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
2. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
А. Рахметуллин |