Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 Заңы.

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбiн айқындайды.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына, халықаралық шарттың өзінiң ережелерiне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жасалады, орындалады, өзгертiледi және тоқтатылады.

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР 13.03.2021 № 18-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) дәйектеу – халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде қолданылатын, халықаралық шарт жобасының келісілген мәтінінде келіссөздерге қатысушы әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің аты-жөндерін әр параққа қою;

      2) депозитарий – халықаралық шарттың түпнұсқасы сақталуға тапсырылатын және осы халықаралық шартқа қатысты халықаралық құқық нормаларында көзделген функцияларды орындайтын мемлекет, халықаралық ұйым немесе оның басты атқарушы лауазымды адамы;

      3) ескертпе – көпжақты халықаралық шартқа қол қою, оны ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу кезінде мемлекет немесе халықаралық ұйым кез келген тұжырыммен және кез келген атаумен біржақты жасаған мәлімдеме, бұл мәлімдеме арқылы осы мемлекет немесе осы халықаралық ұйым халықаралық шарттың белгілі бір ережелерінің заңдық күшін олардың аталған мемлекетке немесе аталған халықаралық ұйымға қолданылуына қатысты жоюды немесе өзгертуді қалайды;

      4) келіссөздерге қатысушы тарап – халықаралық шарт мәтінін жасауға немесе қабылдауға қатысқан мемлекет немесе халықаралық ұйым;

      5) күшін жою – Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан тиісінше ресімдеп бас тартуы және Қазақстан Республикасы халықаралық шартының қолданылуын тоқтату тәсілдерінің бірі;

      5-1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспары – Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының тізбесі;

      6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты – Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім;

      7) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімі – халықаралық шарттардың түпнұсқалары мен депозитарий ресми куәландырған көшірмелерін, олардың деректемелерін және Сыртқы істер министрлігі айқындайтын олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі;

      8) қол қою – мәтіннің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде халықаралық шартты жасасу сатысы немесе егер халықаралық шартта қол қоюдың осындай күші бар екендігі көзделген немесе Қазақстан Республикасы мен келіссөздерге қатысушы басқа да тараптардың қол қоюдың осындай күшке ие болуға тиіс екендігі туралы уағдаластығы өзге де жолмен белгіленген немесе Қазақстан Республикасының қол қоюға осындай күш беру ниеті оның өкілінің өкілеттігінен туындаған және (немесе) келіссөздер кезінде білдірілген жағдайда, халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне Қазақстан Республикасының келісім білдіру тәсілі;

      9) мемлекетішілік рәсімдер – халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялауы, Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі немесе қабылдауы;

      10) өкілеттік –

      халықаралық шарттың мәтінін қабылдау немесе оның тең түпнұсқалығын белгілеу;

      халықаралық шартқа қол қою;

      Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдіру;

      шартқа қатысты өзге де акт жасау мақсатында Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының немесе құзыретті органының шешімдері негізінде жүзеге асырылатын және келіссөздерге қатысушы тарапқа не депозитарийге тапсырылатын немесе дипломатиялық арналар арқылы жіберілетін өкілеттілік сертификатымен тиісінше ресімделген бір адамның немесе бірнеше адамның Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ету құқығы;

      11) ратификациялау, бекіту, қабылдау және қосылу – жағдайға байланысты осындай атауы бар, тиісті нормативтік құқықтық акт негізінде жасалатын халықаралық акт, ол арқылы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне халықаралық тұрғыдан өзінің келісімін білдіреді;

      12) уағдаласушы тарап – халықаралық шарттың күшіне енгеніне немесе енбегеніне қарамастан халықаралық шарттың өздері үшін міндетті екендігіне келіскен мемлекет немесе халықаралық ұйым;

      13) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;

      14) халықаралық шарт жасасу – реттілік тәртіппен жүзеге асырылатын, халықаралық шарттың мәтінін қабылдау, халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау және Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі, не Қазақстан Республикасы халықаралық шартқа қосылатын жағдайда – Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі;

      15) халықаралық шарттың тең түпнұсқа мәтіні – келіссөздерге қатысушы тараптар немесе уағдаласушы тараптар түпнұсқа (түпкілікті нұсқа) ретінде қарайтын халықаралық шарт мәтіні немесе егер ол шартта көзделсе немесе бұл жөнінде оған қатысушылар келіссе, әртүрлі тілдерде жасалған мәтіндердің арасында алшақтық болған жағдайда басымдыққа ие мәтін.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.02.2022 № 107-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Халықаралық шарттардың түрлері

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары:

      1) Қазақстан Республикасының;

      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары) атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен жасасылады.

      2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соғатын халықаралық шарттарды жасасуға жол берілмейді.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН
ЖАСАСУ

2-1-бап. Халықаралық шарттар жасасуды жоспарлау

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарлары бір жылға жасалатын ағымдағы және үш жылға жасалатын перспективалық болып бөлінеді.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын халықаралық шарттарды жасасу тұжырымдамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейді.

      3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдерімен мақұлданады.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы, өкілеттіктері және қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережеде айқындалады.

      4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарлары Қазақстан Республикасының Президентімен келісіледі.

      Ескерту. 2-тарау 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-2-бап. Халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасы

      1. Орталық мемлекеттік орган халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен нысан бойынша әзірлейді.

      2. Орталық мемлекеттік орган халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне енгізеді, ол осы халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды береді.

      Ескерту. 2-тарау 2-2-баппен толықтырылды - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-бап. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісу және оларға сараптама

      Ескерту. 3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу жоспарына енгізілген Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мүдделi орталық мемлекеттік органдарымен келiсiлгеннен кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңдық сараптама жасалуға тиiс.

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі заңдық сараптама жүргiзген кезде:

      1) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниетi бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестілігі туралы қорытынды бередi;

      2) Қазақстан Республикасының өзi үшін халықаралық шарттардың міндетті екендігіне келiсiм бiлдiру тәсiлдерiн айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң сараптамасынан өткен Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде келiсiлуге тиiс.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне енгізілетін, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына:

      1) Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісуді растайтын қорытындылары;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдық сараптамасының нәтижелері;

      3) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптаманың нәтижелері қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:

      1) алып тасталды - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қорытынды береді;

      3) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындайды.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама

      Ескерту. 4-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.

      Міндетті ғылыми құқықтық және лингвистикалық сараптамалар ратификациялауға жататын:

      Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін;

      халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.

      Ғылыми (экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптамалардың өзге де түрлері Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай жүргізіледі.

      2. Ғылыми сараптаманы, халықаралық шарттың жобасын дайындауға қатысқан немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шартты жасасуға бастамашы болған адамдарды қоспағанда, қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының мазмұнына қарай ғылыми ұйымдар, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын бір немесе бірнеше сарапшы (сараптама комиссиясы), оның ішінде шетелдіктер жүргізеді.

      2-1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына міндетті ғылыми лингвистикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.

      2-2. Қаралып отырған халықаралық шарттың немесе ратификациялауға жататын халықаралық шарт жобасының ғылыми құқықтық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.

      3. Ғылыми сараптама:

      1) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының сапасын, негізділігін, уақтылылығын және оған қатысудың заңдылығын бағалау;

      2) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

      3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың, сондай-ақ халықаралық шарт жобасының ықтимал тиімділігін айқындау;

      3-1) ратификациялауға жататын халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айқындау;

      4) халықаралық шарт жасасудың ықтимал теріс салдарын анықтау;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасының Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

      4. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының тапсырмасы негізінде;

      2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасы бойынша;

      3) халықаралық шарт жасасу туралы ұсыныс берген орталық мемлекеттік органның бастамасы бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының келісілуін жүзеге асыратын басқа да орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша қабылдануы мүмкін.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.04.01 № 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысын алу міндетті.

      Ескерту. 2-тарау 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар

      1. Қазақстан Республикасының Президентіне тiкелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы ұсыныстар;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне – Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар береді.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретіндегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей – Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан, оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының атынан қол қою туралы ұсыныстар береді.

      3. Қазақстан Республикасының Yкiметi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ұсыныстарды қарайды және Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, қол қою туралы ұсыныстарды қаулылармен енгiзедi.

      4. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау туралы және оларға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы ұсыныстар оларды Қазақстан Республикасының Президентiне немесе Қазақстан Республикасының Үкiметіне бергенге дейін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен келiсіледi.

      5. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар осы Заңның 8, 13-17-баптарында көзделген тәртiппен iске асырылады.

      6. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстарда:

      1) жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентінің және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиісті актiлерiнің жобалары;

      2) халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігiн анықтауды қоса алғанда, оларға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау және оларға қосылу қисындылығының негіздемесі;

      3) халықаралық шарттарды жасасудың ықтимал саяси, құқықтық, қаржы-экономикалық және өзге де салдарына берілген баға;

      4) халықаралық шарттарды орындауға уәкілеттi тиiстi органдардың атауы;

      5) қажет болған жағдайда, халықаралық шарттар жасасу жоспарланған келiссөздерге қатысушы тараптардың халықаралық құқық субъектiлігі туралы ақпарат;

      5-1) келіссөздерге қатысқан тараппен екіжақты халықаралық шарт жобасы мәтінінің келісілгенін растайтын құжаттар;

      6) қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ басқа да жасасу тілдеріндегі халықаралық шарттардың жобалары;

      6-1) халықаралық шарттардың жасалу тілдерінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған олардың (депозитарий ресми куәландырған халықаралық шарттардың) көшірмелері;

      6-2) халықаралық шарттардың жасалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы ресми куәландырған олардың қазақ және орыс тілдеріне, егер олар жасалу тілі болып табылмаған жағдайда, аудармалары;

      7) көпжақты халықаралық шарттарға қатысушы мемлекеттердің тiзбесi;

      8) көпжақты халықаралық шарттарға Қазақстан Республикасының ықтимал ескертпелерiнің жобалары мен негіздемелерi;

      9) көпжақты халықаралық шарттарға басқа мемлекеттер жасаған ескертпелердiң мәтiндерi, сондай-ақ басқа уағдаласушы тараптардың ескертпелерiне қарсы Қазақстан Республикасының ықтимал қарсылықтарының жобалары мен негiздемелерi;

      10) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптаманың нәтижелері;

      11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі мүшелерінің сараптама қорытындысы қамтылуға тиіс.

      7. Халықаралық шарттардың тең түпнұсқа мәтіндерінің біріне қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларының сәйкес болуын оны жасауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастар

      Ескерту. 6-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

7-бап. Халықаралық шарттардың тiлi

      1. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде және тараптардың келісуі бойынша өзге де тілдерде жасалады.

      Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен екіжақты халықаралық шарттары келіссөздерге қатысушы тараптардың келісуі бойынша айқындалған тілдерде жасалады.

      2. Көпжақты халықаралық шарттар келіссөздерге қатысушы тараптардың келiсуi бойынша белгiленетiн тiлдерде жасалады.

      3. Халықаралық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар олар жасалған тілдерде ресімделеді.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдер

      Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтiнiн қабылдау, сондай-ақ қол қою туралы және осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешiмдердi тиiстi актi түрiнде:

      1) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды.

      Халықаралық шартқа қол қою туралы тиiстi актi, егер мұндай халықаралық шартқа Қазақстан Республикасының Президентi қол қоятын немесе бұл халықаралық шартқа қол қою құқығын Қазақстан Республикасының Президентi шартқа тiкелей қол қояр алдында, басқа лауазымды адамға табыстаған, соның iшiнде ауызша табыстаған жағдайда, қол қоюға өкілеттіктер беру туралы шешімсіз қабылданады;

      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты, соның iшінде өз атынан осы актiлердi жасасу өкiлеттігін Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшыларына немесе олардың орынбасарларына беру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының Үкiметi;

      3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарының бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.

      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.02.2022 № 107-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкілеттiктер

      1. Осы Заңның 8-бабына сәйкес қабылданған шешiмдердiң негiзiнде халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкiлеттiктердi өкілеттiк сертификатын ресiмдеу арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi растайды.

      2. Егер осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес халықаралық шартқа қол қою құқығын Қазақстан Республикасының Президенті оған тiкелей қол қояр алдында басқа лауазымды адамға табыстаса, мұндай лауазымды адамның өкілеттігін осы Заңның 8-бабында көзделген шешімді қабылдамастан, өкілеттік сертификатын ресімдеу арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растайды.

10-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасу

      1. Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық шарттарды жасасуға қатысты барлық актілерді өкілеттіктерсіз жасасуға құқылы.

      2. Осы Заңның 8-бабына сәйкес қабылданған шешімдердің негізінде мыналар:

      1) халықаралық шарттарды жасасуға қатысты барлық актілерді жасасу мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

      2) Қазақстан Республикасы мен өздерi тiркелген мемлекет арасындағы халықаралық шарттардың мәтiндерiн қабылдау мақсатында шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң басшылары;

      3) халықаралық конференцияда немесе халықаралық ұйымда немесе оның органдарының бiрiнде халықаралық шарттың мәтінiн қабылдау мақсатында осындай конференцияда, осындай ұйымда немесе осындай органда Қазақстан Республикасы өз атынан өкілдiк етуге уәкілдiк берген өкілдер, Қазақстан Республикасының атынан өкiлеттіктерсiз өкілдiк етедi деп саналады.

11-бап. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттар

      Мынадай:

      1) нысанасы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылатын;

      2) орындалуы қолданыстағы заңдарды өзгертудi немесе жаңа заңдарды қабылдауды талап ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгілейтiн;

      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балық аулау аймағын және континенттік қайраңын межелеп бөлу туралы халықаралық шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық межелеп бөлінуі туралы;

      4) мемлекетаралық қатынастардың негіздерi туралы, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелер бойынша, сондай-ақ бiтiмгершiлiк халықаралық шарттар мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы халықаралық шарттар;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы, егер мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бiр бөлігін жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнің Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттілігін белгiлесе;

      6) мемлекеттiк қарыздар туралы;

      7) гуманитарлық көмектен және дамуға ресми көмектен басқа, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы;

      8) қол қою кезiнде келiссөздерге қатысушы тараптардың кейiннен оларды ратификациялау туралы келiскен;

      9) егер халықаралық шарттарда мұндай келiсiм ратификациялау арқылы бiлдiрiлетiнi көзделсе, халықаралық шарттар ратификациялауға жатады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.12.2014 № 264-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау

      1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжілiс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бiр бөлiгінiң, Премьер-Министрдің, Бас Прокурордың өтініштерi бойынша халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігiн қарайды.

      2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтiнiш жасалған жағдайда халықаралық шарттарды ратификациялау мерзiмiнің өту уақыты тоқтатыла тұрады.

      3. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп танылған халықаралық шарттарды ратификациялауға болмайды.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар енгізу тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары осы Заңның 5-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне өз құзыретіндегi мәселелер бойынша халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар жасайды.

      2. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізеді.

14-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заңдар

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдайды.

15-бaп. Ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарды бекіту, қабылдау

      Мемлекетiшілік рәсiмдердi жүргiзудi көздейтiн ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарды:

      1) Қазақстан Республикасының атынан қол қойылғандарын - Қазақстан Республикасының Президентi;

      2) Қазақстан Республикасының Үкiметі атынан қол қойылғандарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтуге, қабылдауға тиiс.

16-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы туралы ұсыныстар

      1. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары осы Заңның 5-бабында көзделген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Президентiне - Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар;

      2) Қазақстан Республикасының Yкiметiне Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар бередi.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары осы Заңның 5-бабында көзделген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар бередi.

      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында және 2-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және:

      1) Қазақстан Республикасының Президентiне - Қазақстан Республикасының атынан жасасылатын, ратификациялауға жатпайтын;

      2) Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Парламентiне - Қазақстан Республикасының атынан жасасылатын, ратификациялауға жататын;

      3) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жасасылатын, ратификациялауға жататын халықаралық шарттарға қосылу туралы ұсыныстар енгiзедi.

17-бап. Халықаралық шарттарға қосылу туралы шешімдер

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуы туралы шешiмдердi:

      1) қосылу Қазақстан Республикасының атынан немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жүзеге асырылатын, ратификациялауға жататын халықаралық шарттарға қатысты, ратификациялау туралы заң қабылдау арқылы - Қазақстан Республикасының Парламентi;

      2) қосылу Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылатын, ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;

      3) қосылу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан жүзеге асырылатын, ратификациялауға жатпайтын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР 28.02.2007 № 236 Заңымен.

18-бап. Халықаралық шарттарды Қазақстан Республикасының уақытша қолдануы

      1. Халықаралық шарттар немесе олардың жекелеген ережелерi олардың күшiне енуiне дейiн, егер бұл халықаралық шарттардың өзiнде көзделген болса немесе келiссөздерге қатысушы тараптар уағдаластыққа қол жеткiзген болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылады.

      Уақытша қолдануды көздейтін халықаралық шартты ратификациялау туралы ұсыныс оны уақытша қолдану басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей, осы Заңның 5-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізіледі.

      2. Егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе немесе бұл туралы халықаралық шарттарға қол қойған шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен уағдаластыққа қол жеткізілмесе, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қатысушы болғысы келмейтін ниеті туралы халықаралық шарттар өздеріне қатысты уақытша қолданылатын шет мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға осы баптың 3-тармағында көзделген шешімдердің негізінде хабарлама жолданған күннен бастап Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін уақытша қолдануы тоқтатылады.

      3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардың немесе олардың жекелеген ережелерінің қатысушысы болғысы келмейтін ниеті туралы шешiмдердi осы Заңның 8-бабында көзделген тәртiппен халықаралық шартқа қол қою туралы шешiм шығарған Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.

      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-бап. Көпжақты халықаралық шарттарға ескертпелер

      1. Көпжақты халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекiту, қабылдау немесе оларға қосылу кезiнде халықаралық шарттардың талаптарына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес оларға ескертпелер жасалуы мүмкiн.

      2. Егер көпжақты халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, олар қалай жасалған болса, тап сондай тәртіппен ескертпелер кез келген уақытта алып тасталуы мүмкін.

      3. Көпжақты халықаралық шартқа екiншi бiр уағдаласушы тарап жасаған ескертпенi қабылдау немесе оған қарсылық бiлдiру көпжақты халықаралық шарттың талаптарына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес ескертпенi реттеу нысаны құзыретiне жататын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органының қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл қорытынды осы Заңның 3-бабында көзделген тәртіппен келiсiлуге жатады.

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН
ОРЫНДАУ

20-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы әрбiр халықаралық шартын Қазақстан Республикасының мiндетті және адал орындауына жатады.

      2. Алып тасталды – ҚР 28.02.2007 № 236 Заңымен.

      3. Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды.

      4. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттарға басқа да қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауын қадағалайды.

      5. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуына жалпы қадағалауды және бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.

      6. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету мониторингі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-1-бап. Қазақстан Республикасының ратификацияланған қолданыстағы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының заңдарымен арақатынасы

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған және қолданыстағы болып табылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының оның заңдары алдында басымдығы болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа кезде тікелей қолданылады.

      Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды – ҚР 13.03.2021 № 18-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда қолданылатын шаралар

      1. Халықаралық шарттар жөніндегi міндеттемелердi оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, халықаралық құқықтың нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының өздерiнiң талаптарына сәйкес қажеттi шаралар қолдану туралы ұсыныстарды:

      1) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша - Қазақстан Республикасының Президентiне;

      2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.

      2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларында көзделген өзге де жағдайларда:

      1) халықаралық шарттардың қолданысы осы Заңның 28 және 29-баптарында көзделген тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды тоқтата тұруы түрінде осы Заңның 29 және 30-баптарында көзделген тәртіппен қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдануы мүмкін.

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 13.03.2021 № 18-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

22-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар

      1. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдары халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныс енгізген кезде сол бір мезгілде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты енгізеді.

      Егер халықаралық шартты іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса, халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсынысқа заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі.

      Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ұсынады.

      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге немесе олардың қолданысын тоқтатуға Қазақстан Республикасының тиiсті халықаралық шарттары өзгертiлгеннен, толықтырылғаннан немесе олардың қолданысы тоқтатылғаннан кейiн ғана жол берiледi.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшіне енуi

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оларда көзделген немесе халықаралық шарттарға қатысушылардың арасында келiсiлген тәртiппен және мерзiмдерде күшiне енедi.

4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАРИЯЛАУ, ТIРКЕУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ

24-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жариялау

      1. Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.

      2. Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялаған, Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ресми басылымдарында жариялануға жатады.

      3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының қазақ және орыс тiлдерiнде тең түпнұсқа мәтiнi болмаған жағдайда; олардың қол қойылған тiлдегі тең түпнұсқа мәтіндерiнің бiрi, сондай-ақ халықаралық шарттың қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасы жарияланады.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.01.2014 № 168-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.03.2021 № 18-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеу, есепке алу және сақтау

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң жүргiзуiнде болады.

      Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиiстi органдарында тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасының атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түпнұсқалары немесе депозитарий ресми куәландырған көшiрмелерi оларға қол қойылған күннен немесе ресми куәландырылған көшiрмелерi депозитарийден алынған күннен бастап екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Pecпубликасының Сыртқы iстер министрлiгiне сақтауға тапсырылады, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелерін (депозитарий ресми куәландырған халықаралық шарттардың көшірмелері негізінде) оларды жасасқан тілдерде оларға қол қойылған немесе депозитарийден алынған күннен бастап екi апта мерзiм ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тұрақты түрде сақтау үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi орталық мемлекеттік органдарына таратады.

      4. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түпнұсқалары Қазақстан Республикасының тиісті орталық мемлекеттік органдарының мұрағаттарында сақталады. Осы халықаралық шарттардың ресми куәландырылған көшірмелері оларға қол қойылған не ресми куәландырылған көшірмелері депозитарийден алынған күннен бастап екі апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолданады.

      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 № 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Депозитарий функцияларын жүзеге асыру

      1. Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттарының депозитарийі функцияларын, егер осы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес мұндай функциялар Қазақстан Республикасында жүктелген болса, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары өз атынан жасалған көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын, егер осы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес мұндай функциялар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдарына жүктелген болса, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары жүзеге асырады.

      3. Көпжақты халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын орындайтын шет мемлекеттер органдарымен, халықаралық ұйымдармен немесе олардың басты атқарушы лауазымды адамдарымен хат-хабар алмасуды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жүзеге асырады.

5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН
ӨЗГЕРТУ, ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ТОҚТАТА ТҰРУ

27-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын өзгерту

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер енгiзу халықаралық шарттардың өздерiнде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер енгізу туралы ұсыныстар осы Заңның 3 және 5-баптарында көзделген тәртіппен енгізiледi.

      3. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер енгізу туралы шешiмдердi осы Заңның 8-бабында көзделген тәртiппен халықаралық шарттарға қол қою туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар немесе Қазақстан Республикасының Yкiметi қабылдайды.

      4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына өзгерiстер халықаралық шарттардың өздерінің күшiне ену талаптарына сәйкес және сол тәртiппен күшіне енедi.

      5. Халықаралық шарттардың өзгерiстерiн ратификациялау, бекiту немесе қабылдау туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының өзiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес және осы Заңның 14 және 15-баптарында көзделген тәртiппен қабылданады.

28-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату

      1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес немесе барлық қатысушылардың келiсiмiмен кез келген уақытта, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.

      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда – ҚР 13.03.2021 № 18-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

29-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы ұсыныстар

      1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою халықаралық шарттардың өздерінде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша өз құзыреті мәселелері бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді.

      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;

      2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді.

      5. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын мұндай шарттардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды мұндай шарттарды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісілген ұсыныстар береді.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарайды және олар бойынша мұндай халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұрудың, мұндай халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұрудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, мұндай халықаралық шарттардың күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар береді.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда – ҚР 13.03.2021 № 18-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы шешімдер қабылдау

      1. Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының күшін жою туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды.

      2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы шешімдерді:

      1) Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды;

      3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.

      3. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.

      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда – ҚР 13.03.2021 № 18-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

31-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін мiндетті екендігіне келiсімін бiлдiретiн немесе халықаралық шарттың қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату ниетiн білдiретін халықаралық актілердi жасау

      1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ратификациялық грамоталар алмасу немесе ратификациялық грамоталарды депозитарийге сақтауға тапсыру көзделген болса, Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау туралы заңдар негiзiнде ратификациялық грамоталарға қол қояды, бұл оның мөрiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң қойылған қолымен және мөрiмен бекiтiледi.

      2. Ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекiту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекiту, қабылдау немесе қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткiзудi, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшiн жою туралы құжаттарды жолдауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері жүргізеді.

31-1-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 6-тарау 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 30.01.2014 № 168-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2679 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 144-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады