БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасында:
"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының (ректор) үлгілік біліктілік сипаттамасы" деген 2-тарауда:
үшінші бөлік жаңа редакцияда жазылсын:
"Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органның тиісті салаларында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі