"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 62-баптың 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу әдістемесі жөніндегі нормативтік-техникалық құжат бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап жұмыс бес күн ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
А. Сәтқалиев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 27-н/қ бұйрығына қосымша |
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу әдістемесі жөніндегі нормативтік-техникалық құжат
1-тарау. Негізгі ережелер
Осы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу әдістемесі жөніндегі нормативтік-техникалық құжат (бұдан әрі – НТҚ) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 62-бабының 2) тармақшасына сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарын және әзірлеу талдауларын жасау кезінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін біркелкі есептеу мақсатында жасалды.
2-тарау. Қолдану саласы
НТҚ көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарында және әзірлеуді талдауда "Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу" бөлімін қалыптастыру үшін қолданылады.
3-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу әдістемесі
3.1. Жалпы ережелер
Кодекстің 126-бабының 7-тармағына сәйкес барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету осындай жобалау құжатында көзделген операцияларды жүргізу басталғанға дейін көмірсутектерді барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде барлау жұмыстары жобасында айқындалған сома мөлшерінде ақшалай жарна арқылы қалыптастырылады. Барлау жұмыстары жобасына барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнын арттыруды көздейтін толықтыруды не сынамалап пайдалану жобасын бекіткен жағдайда, таңдап алынған қамтамасыз ету тәсілінің тиісті қосымша сомасы осындай жобалау құжатында көзделген жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін енгізілуге тиіс.
Кодекстің 126-бабының 9-тармағына сәйкес өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасы көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде кен орнын әзірлеу жобасында айқындалады және әзірлеуді талдау шеңберінде үш жылда кемінде бір рет қайта есептелуге жатады.
Теңіз кен орнында жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу кезінде Кодекстің 157-бабының 4-тармағына сәйкес теңіз объектілерін (жасанды аралдар, бөгеттер, қондырғылар, құбыржолдар және өзге де теңіз объектілері) бөлшектеуге арналған шығындар есепке алынуға жатады.
Кодекстің 128-бабының 4-тармағына сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою шеңберінен тыс жүргізілетін технологиялық объектілерді жою жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз етудің қажетті сомасын есептегенде кен орнын пайдаланудан шығару кезінде тек жұмыс істеп тұрған технологиялық объектілерді (оның ішінде ұңғымаларды) есепке алу қажет.
Үлестік норматив рентабельді кезеңдегі көмірсутектерді өндіру көлеміне байланысты есептеледі. Кен орнында тауарлық конденсат пен газды өндіру және сату кезінде конденсат пен газдың көлемі мұнай сатудың орташа номиналды құны бойынша мұнай баламасына келтіріледі.
Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны тиісті рұқсат құжаттары бар және соңғы үш жыл ішінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою тәжірибесі бар үш әлеуетті өнім беруші ұсынған объектілерді жою құнын орташалау жолымен айқындалады.
3.2. Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеуге арналған бастапқы деректер
Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеуге қажетті деректер тізбесі пайдаланылатын қысқартулары көрсетілген 1-кестеде келтірілген.
1-кесте. Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеуге қажетті деректер тізбесі
Р/с № | Атауы | Бастапқы деректерді толтыруға түсініктемелер | Пайдаланылатын қысқартулар |
1 | Кен орнын әзірлеудің рентабельді кезеңінің соңындағы ұңғымалар саны | Кен орнын әзірлеу кезеңі аяқталғаннан кейін жоюға жататын ұңғымалардың, мұнай-газ өндіру, айдау, бақылау қорларының және консервацияланған ұңғымалардың саны. | Сжү |
1 | Кен орнын жерүсті жайластыру объектілерін бөлшектеу құны | Кен орнын жерүсті жайластыру объектілерін (құбырларды, мұнай мен газды дайындау қондырғыларын, резервуарларды, үйінді аралдардың негіздерін, сорғы қондырғыларын, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы) бөлшектеудің нарықтық құны. | Қжүж |
2 | Теңіз аралдарының іргетас алаңы | Үйінді теңіз аралдарының беткі ауданы. | Ажта |
3 | Теңіз құбырларының ұзындығы | Ұтқ | |
4 | Кен орнын әзірлеу жобасын жасау кезінде жинақталған жою аударымдары | Жә | |
5 | Инфляция коэффициенті | Ақшаның жылдық құнсыздану коэффициенті. | Ки |
3.3. Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу кезінде есепке алынуға жататын объектілердің тізбесі
Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасы репер-тумбалар орната отырып, ұңғымаларды жоюға, кен орнын жайластырудың жерүсті объектілерін бөлшектеуге және құбыржолдардың теңіз объектілерін бөлшектеуге (теңіз кен орны жойылған жағдайда) және бұзылған жерлерді техникалық рекультивациялауға арналған шығындардан қалыптасады.
3.4. Кен орнын жою құнын есептеу
Кен орнын жою құны 1-формула бойынша есептеледі:
Қкож = Құж + Қжүж + Қнж + Қтж + Ққкж + Қэт – Тж
(1)
мұндағы,
Қкож – Кен орнын жою құны;
Құж – Ұңғымаларды жоюға арналған шығындар;
Қжүжж – Кен орнын жерүсті жайластыру объектілерін бөлшектеу шығындары;
Қнж – Арал негіздерін бөлшектеу шығындары;
Қтж – Теңіз құбырларын бөлшектеу шығындары;
Ққкж – Кен орнын әзірлеу кезінде бұзылған жерлерді техникалық қалпына келтіру шығындары;
Қэт – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдер: атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, бөлшектеу жұмыстары процесінде түзілетін ластаушы заттардың төгінділері, сондай-ақ қалдықтарды көму және күкіртті күкірт карталарына ашық түрде орналастыру үшін төлемдер;
Тж – Жою жұмыстарын жүргізу кезіндегі табыс.
Ұңғымаларды жою құны 2-формула бойынша есептеледі:
Құж = Қбұж × Сұж
(2)
мұндағы
Құж – Ұңғымаларды жою шығындары;
Қбұж – Бір ұңғыманы жою шығындары;
Сұж – Жойылуға жататын ұңғымалар саны.
Бір ұңғыманы жою құны ұңғыманы жоюдың сметалық немесе нарықтық құны бойынша есепке алынады не 3-формула бойынша есептеледі:
Қбұж = Вұж × Қбс + Шұ
(3)
мұндағы,
Қбұж – Бір ұңғыманы жою құны;
Вұж – Бір ұңғыманы жою бойынша сағатпен берілген жұмыстардың ұзақтығы;
Қбс – Бригаданың ұңғыманы жою бойынша 1 сағатта көрсететін қызметінің құны;
Шұ – Ұңғыманы жою кезіндегі шикізат, цемент шығындары.
Бір ұңғыманы жою жөніндегі жұмыстардың ұзақтығы 4-формула бойынша есептеледі:
Вұж = Вкмұ + Вжмұ + Вкұ + Вжжұ + Вқжұ + Вцеұ + Всбп + Вскқұ + Вжд + Вкж + Вкж
(4)
мұндағы
Вұж – Бір ұңғыманы жою жөніндегі жұмыстардың ұзақтығы;
Вкмұ – Көтергіш жабдықты жылжыту және монтаждау ұзақтығы;
Вжмұ – Жұмыс алаңын монтаждау ұзақтығы;
Вкұ – Іске қосу комиссиясының жабдықты тексеру ұзақтығы;
Вжжұ – Жерасты жабдықтарын көтеру ұзақтығы;
Вқұ – Құмды жуу ұзақтығы;
Вцеұ – Цемент ерітіндісін айдау ұзақтығы;
Впбс – Пайдалану бағанасын сығымдау ұзақтығы;
Вскқұ – Сорғы-компрессорлық құбырларды көтеру ұзақтығы;
Вто – Тұғыр орнату ұзақтығы;
Вжд –Жерасты жабдығын бөлшектеу ұзақтығы;
Вкс – Технологиялық сұйықтықты ыдыстан кәдеге жарату ұзақтығы.
Кен орнын жерүсті жайластыру объектілерін бөлшектеуге арналған шығындар 5-формула бойынша есептеледі:
Қжүж = Қжқж + Қкөд + Қкд + Қксжд + Қиод
(5)
мұндағы ,
Қжүж – Кен орнын жерүсті жайластыру объектілерін бөлшектеу шығындары;
Қжқж – Кен орнының жерүсті құбырларын бөлшектеу шығындары;
Қкөд – Көмірсутектерді өндіруді өлшеу қондырғыларын бөлшектеу шығындары;
Қкд – Көмірсутектерді қайта өңдеу қондырғыларын бөлшектеу шығындары;
Қксждх – Көмірсутектерді сақтау жүйесін бөлшектеу шығындары;
Қиод – Кен орнының инфрақұрылым объектілерін бөлшектеу шығындары.
Аралдар негіздерін бөлшектеу шығындары 6-формула бойынша есептеледі:
Қжа = Ажн × Қжн × Қндә
(6)
мұндағы,
Қжа – Жойылатын аралдың негізін бөлшектеу шығындары;
Ажн – Жойылатын теңіз аралының негізі;
Қжн – Жойылатын теңіз аралы негізінің қалыңдығы;
Қндә – 1 м3 жойылатын теңіз аралының негізін бөлшектеу, құрлыққа әкету және жою шығындары.
Теңіз құбырларын бөлшектеу шығындары 7-формула бойынша есептеледі:
Қжқ = Қтқб × Ұтқ
(7)
мұндағы
Қжқ – Теңіз құбырларын бөлшектеу шығындары;
Қжнмт – 1 км теңіз құбырын бөлшектеу, құрлыққа әкету және жою шығындары;
Ұтқ – Жойылатын теңіз құбырларының ұзындығы, км.
Кен орнын әзірлеу кезінде бұзылған жерлерді техникалық қалпына келтіру шығындары 8-формула бойынша есептеледі:
Қжқ = Ақж × Тжқ × Ққкт
(8)
мұндағы,
Қжқ – Кен орнын әзірлеу кезінде бұзылған жерлерді техникалық қалпына келтіру шығындары;
Ақж – Қалпына келтірілетін жерлердің ауданы;
Тжқ – Жерді техникалық қалпына келтіру тереңдігі;
Ққкт – 1 м3 қалпына келтірілетін топырақты техникалық қалпына келтіру шығындары.
3.5. Кен орнын әзірлеудің рентабельді кезеңі аяқталғанға дейін төленуге тиіс жою аударымдарының қалдық құнын есептеу
Кен орнын әзірлеудің рентабельді кезеңі аяқталғанға дейін төленуге тиіс жою аударымдарының қалдық құны 9-формула бойынша есептеледі:
Қа = Қкж – Қж
(9)
мұндағы,
Қа – Кен орнын әзірлеудің рентабельді кезеңі аяқталғанға дейін төленуге тиіс жою аударымдарының қалдық құны;
Қкж – Кен орнын жою құны;
Қж – Кен орнын әзірлеу жобасын жасау кезінде жинақталған жою аударымдары.
3.6. Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін есептеу
Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшері 10-формула бойынша есептеледі:
Қжпжқ = Қа × (1 + Ки) (ж+1)
(10)
мұндағы,
Қжпжқ – Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшері;
Қа – Кен орнын әзірлеудің рентабельді кезеңі аяқталғанға дейін төленуге тиіс жою аударымдарының қалдық құны;
Ки – Инфляция коэффициенті;
ж – Келісімшарттық кезең аяқталғанға дейінгі не кен орны пайдаланудан шығарылған жылға дейінгі жылдар саны.
3.7. Мұнайдың құндық баламасындағы көмірсутектерді өндіру көлемін есептеу
Үлестік нормативін есептеу үшін мұнайдың құндық баламасындағы көмірсутектерді өндіру көлемі 11-формула бойынша есептеледі:
(11)
мұндағы,
Кк – Кен орнын әзірлеудің ең аз рентабельді кезеңінде жинақталған көмірсутектерді өндіру көлемі;
Км – Кен орнын әзірлеудің ең аз рентабельді кезеңінде жинақталған мұнай өндіру көлемі;
Бм – 1 тонна мұнайдың орташа бағасы;
Кк – Кен орнын әзірлеудің рентабельді ең аз кезеңінде жинақталған конденсат өндіру көлемі;
Бк – Орташа бағасы 1 тонна конденсат;
Кг – Кен орнын әзірлеудің рентабельді ең аз кезеңінде жинақталған газ өндіру көлемі;
Бг – 1 мың м3 газдың орташа бағасы.
3.8. Аударымдардың үлестік нормативін есептеу
Аударымдардың үлес нормативі 12-формула бойынша есептеледі:
(12)
мұндағы,
Нжсжқ – Аударымдардың үлестік нормативі;
Сжсжқ – Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшері;
Кк – Рентабельді кезеңде жинақталған көмірсутектерді өндіру көлемі.
Аударымдардың үлес нормативін есептеу нәтижелерін 2-кесте түрінде ұсыну ұсынылады.
2-кесте. Аударымдардың үлестік нормативін есептеу
№ | Көрсеткіштің атауы | Өлшем бірлігі | Мағынасы |
1. | Ұңғымаларды жою шығындары | ||
2. | Кен орнын жерүсті жайластыру объектілерін бөлшектеу шығындары | ||
3. | Арал негіздерін бөлшектеу шығындары | ||
4. | Теңіз құбырларын бөлшектеу шығындары | ||
5. | Кен орнын әзірлеу кезінде бұзылған жерлерді техникалық қалпына келтіру шығындары | ||
6. | Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдер: атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, бөлшектеу жұмыстары процесінде түзілетін ластаушы заттардың төгінділері, сондай-ақ қалдықтарды көму және күкіртті күкірт карталарына ашық түрде орналастыру үшін төлемдер | ||
7. | Жою жұмыстарын жүргізу кезіндегі табыс | ||
8. | Кен орнын әзірлеу жобасы жасалған күнгі кен орнын жою құны | ||
9. | Кен орнын әзірлеу жобасы жасалған күні жинақталған жою аударымдары | ||
10. | Жою аударымдарының қалдық құны | ||
11. | Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды қамтамасыз ету сомасының мөлшері | ||
12. | Жою аударымдары есептелетін кезең үшін көмірсутектерді жинақталған өндіру көлемі (кен орнын әзірлеудің рентабельді кезеңінің ең азы) | ||
13. | Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға аударымдардың үлес нормативі | ||
14. | Балық ресурстарына келтірілген сөзсіз залалдың орнын толтыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге арналған шығындар/шығыстар; жойылған ұңғыманың өндірістік экологиялық мониторингін жүргізу бағдарламасын әзірлеуге, жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде міндетті және ерікті сақтандыруға, кешенді экологиялық рұқсат шарттарында көзделген I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі өзге де жұмыстарды орындауға арналған шығындар |
3.9. Кен орнын әзірлеудің рентабельді кезеңі аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жыл сайынғы аударымдарды есептеу
Кен орнын әзірлеудің рентабельді кезеңі аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жыл сайынғы аударымдар 13-формула бойынша есептеледі:
Жг = Нжажс × Акжөк
(13)
мұндағы,
Жг – Кен орнын әзірлеудің рентабельді кезеңі аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жыл сайынғы аударымдар;
Нжажс – Жою аударымдарының үлестік нормативі;
Акжөк – Көмірсутектерді жылдық өндіру көлемі.
Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жыл сайынғы аударымдарды есептеу нәтижелері 3-кесте түрінде ресімделеді.
3-кесте. Жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жыл сайынғы аударымдарды есептеу
Кен орнын әзірлеу жылы | Өндіру | Жою аударымдары | |||
мұнай | конденсат | газ | мұнайдың құндық баламасындағы көмірсутектер |