"Қарағанды облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 22/12 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына, "Қарағанды облысын басқару схемасын бекіту туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы XXIII кезектен тыс сессиясының №257 шешіміне, "Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 тамыздағы №53/03 "Қарағанды облысы атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы №15/01 қаулысына, "Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымын бекіту туралы" "Қарағанды облысы әкімінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №133-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 06 наурыздағы №22-ө өкіміне сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының туризм басқармасы" сыртқы байланыстар функциясымен мемлекеттік мекеме ретінде құрылсын.

      2. "Қарағанды облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органның басшысына заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

      4. "Қарағанды облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 22/12
қаулысына қосымша

"Қарағанды облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қарағанды облысының аумағында туристік қызмет және сыртқы байланыстар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары бар, Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде көрсетілген.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13 үй.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Басқарма құзыреті шеңберінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының тапсырмаларын орындау;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын іске асыру;

      3) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      4) туристік қызметтер мен сыртқы байланыстардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қарағанды облысының әкіміне ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап арызбен жүгінуге;

      заңнамада белгіленген тәртіппен туристік іс-шаралар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

      өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Қарағанды облысының аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) туристік қызметтер нарығын талдайды және уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсынады;

      3) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

      4) облыс аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      5) Басқарма құзыреті шеңберінде туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      6) Басқарма құзыреті шеңберінде халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде облыстағы туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;

      7) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады;

      8) "Visit Qaraganda" туристік ақпараттық орталығының жұмысын үйлестіру;

      9) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      10) гидтің кәсіби даярлығын ұйымдастырады (гид-аудармашы);

      11) уәкілетті органмен келісім бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      12) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті объектілерді салу және дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;

      14) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдай жасайды;

      15) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу жолымен туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;

      16) ауылдық жерлерде агротуристік объектілерді, қонақжай үйлерді, стильдендірілген "агротуристік ауылдар" түріндегі арнайы жеке қонақ үйлерді дамыту;

      17) әуежайларда, теміржол вокзалдарында, орталық автовокзалдарда, сондай-ақ автомагистральдар бойында тегін туристік ақпаратты, броньдау мүмкіндіктерін, кәдесыйлар, кітаптар мен карталар сатып алу мүмкіндіктерін ұсынатын сапар-орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;

      18) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлар шығындарының бір бөлігін субсидиялау;

      19) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;

      20) уәкілетті органның келісімі бойынша оларды ұстау кезінде шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекітеді;

      21) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтейді;

      22) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;

      23) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтейді;

      24) Басқарма құзыреті шеңберінде сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша тиісті саладағы жұмысты үйлестіреді;

      25) жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамыту;

      26) мемлекеттік орган қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдайлар жасайды;

      27) өз құзыреті шегінде Қарағанды облысы бойынша жиынтық ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастырады және өзектендіруді қамтамасыз етеді;

      28) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асырады;

      29) жетекшілік ететін салалардағы көрсеткіштерге мониторингті, талдауды және болжауды жүзеге асырады;

      30) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      31) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3 тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарма басқаруды басшы жүзеге асырады, ол басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.;

      2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Басқарма құрылымын, бөлімдер туралы ережелерді, жұмыс регламентін, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қолданады және ол үшін дербес жауапты болады;

      7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      8) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Visit Qaraganda" Туристік ақпараттық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

О создании государственного учреждения "Управление туризма Карагандинской области"

Постановление акимата Карагандинской области от 11 апреля 2025 года № 22/12

      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года №590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", решением XXIII внеочередной сессии Карагандинского областного маслихата от 27 февраля 2025 года №257 "Об утверждении Схемы управления Карагандинской областью", постановлением акимата Карагандинской области от 12 марта 2025 года №15/01 "О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 29 августа 2024 года №53/03 "Об утверждении лимита штатной численности исполнительных органов Карагандинской области", распоряжением акима Карагандинской области от 06 марта 2025 года №22-р "О внесении изменения в распоряжение акима Карагандинской области от 14 декабря 2021 года №133р "Об утверждении структуры местных исполнительных органов Карагандинской области" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать государственное учреждение "Управление туризма Карагандинской области" с функцией внешних связей.

      2. Утвердить Положение государственного учреждения "Управление туризма Карагандинской области", согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Руководителю государственного органа, финансируемого из местного бюджета, в установленном законодательством порядке:

      1) обеспечить государственную регистрацию в Департаменте юстиции Карагандинской области;

      2) принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением постановления "О создании государственного учреждения "Управление туризма Карагандинской области" возложить на курирующего заместителя акима области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Е. Булекпаев

  Приложение
к постановлению акимата
Карагандинской области
от 11 апреля 2025 года
№ 22/12

Положение государственного учреждения "Управление туризма Карагандинской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление туризма Карагандинской области" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере туристской деятельности и внешних связей на территории Карагандинской области.

      2. Управление имеет ведомство, указанное в перечне государственных учреждений, находящихся в ведении Управления.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждается в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 100000, Республика Казахстан, Карагандинская область, город Караганда, улица Алиханова дом 13.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) исполнение поручений Главы государства, Администрации Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, акима области, заместителя акима области, в рамках компетенции Управления;

      2) реализация государственных и правительственных программ Республики Казахстан;

      3) реализация государственной политики в области туристской деятельности и создание благоприятных условий для ее развития;

      4) обеспечения повышения качества туристских услуг и внешних связей.

      14. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать и получать от государственных органов и организаций необходимые документы, информацию и материалы, для осуществления возложенных на него функций в объеме, предусмотренном действующим законодательством Республики Казахстан;

      вносить предложения акиму Карагандинской области по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      в пределах своей компетенции издавать правовые акты;

      обращаться с иском в суд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      в установленном законодательством порядке организовывать и проводить государственные закупки по туристским мероприятиям;

      осуществлять управление переданным ему имуществом;

      осуществлять иные права, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан;

      2) обязанности:

      соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;

      осуществлять реализацию государственной политики, в пределах своей компетенции;

      в пределах своей компетенции исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, а также акима и акимата области;

      принимать меры по недопущению совершения коррупционных правонарушений и преступлений;

      осуществлять иные обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан, а также настоящим положением.

      15. Функции:

      1) реализует государственную политику и осуществляет координацию в области туристской деятельности на территории Карагандинской области;

      2) анализирует рынок туристских услуг и представляет в уполномоченный орган необходимые сведения о развитии туризма на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      3) организует работу по разработке и внедрению мер по защите областных туристских ресурсов;

      4) координирует деятельность по планированию и строительству объектов туристской индустрии на территории области;

      5) оказывает субъектам туристской деятельности методическую и консультативную помощь в вопросах, связанных с организацией туристской деятельности в рамках компетенции Управления;

      6) развивает и поддерживает предпринимательство в области туристской деятельности, как меру увеличения занятости населения в рамках компетенции Управления;

      7) предоставляет туристскую информацию, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность;

      8) координация работы туристского информационного центра "Visit Qaraganda";

      9) осуществление лицензирования туроператорской деятельности в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";

      10) организует работу по профессиональной подготовке гидов (гида-переводчика);

      11) утверждает по согласованию с уполномоченным органом план мероприятий по развитию туристской отрасли;

      12) ведет государственный реестр туристских маршрутов и троп;

      13) координирует работу по созданию инфраструктуры туризма на территории соответствующей административно-территориальной единицы, принимает меры по строительству и развитию объектов, способных удовлетворить потребности туриста;

      14) создает условия для субъектов туристской деятельности в развитии туризма;

      15) финансирует туристские информационные центры путем прямого заключения договора в рамках реализации совместной деятельности в сфере туризма;

      16) развитие агротуристских объектов в сельских местностях, гостевых домов, специальных частных отелей в форме стилизованных "агротуристских деревень";

      17) организация работы визит-центров, предоставляющих бесплатную туристскую информацию, возможности бронирования, приобретения сувениров, книг и карт в особенности в аэропортах, на железнодорожных вокзалах, центральных автовокзалах, а также вдоль автомагистралей;

      18) субсидирование части затрат туроператоров в сфере въездного туризма за каждого иностранного туриста;

      19) возмещает часть затрат субъектов предпринимательства при строительстве, реконструкции объектов туристской деятельности;

      20) организует работу по перечню санитарно-гигиенических узлов, по которым возмещается часть затрат при их содержании, по согласованию с уполномоченным органом;

      21) возмещает часть затрат субъектов предпринимательства по строительству объектов придорожного сервиса;

      22) субсидирует часть затрат субъектов предпринимательства на содержание санитарно-гигиенических узлов;

      23) возмещает часть затрат по приобретению автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, исключая место водителя, субъектам предпринимательства, осуществляющим туристскую деятельность;

      24) координирует работу в соответствующей области по вопросам внешнеэкономической деятельности в рамках компетенции Управления;

      25) развитие цифровых технологий в курируемой сфере;

      26) создает условия для повышения цифровой грамотности сотрудников государственного органа;

      27) размещает и обеспечивает актуализацию сводных открытых данных по Карагандинской области в пределах своей компетенции на интернет – портале открытых данных;

      28) осуществляет проектное управление в деятельности государственного органа;

      29) осуществляет мониторинг, анализ и прогнозирование показателей в курируемых сферах;

      30) участвует в разработке и реализации среднесрочного плана социально-

      31) экономического развития области;

      32) осуществляет иные полномочия, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия руководителя государственного органа

      16. Руководство Управлением осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Руководитель управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия руководителя Управления:

      1) определяет обязанности и полномочия работников Управления в соответствии с действующим законодательством.;

      2) в соответствии с законодательством назначает и освобождает от должности работников Управления;

      3) утверждает структуру, положения об отделах, регламент работы Управления, должностные инструкции сотрудников;

      4) издает приказы и дает указания в пределах своих полномочий;

      5) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников;

      6) принимает меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;

      7) представляет Управление в государственных органах и иных организациях;

      8) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.

      Исполнение полномочий руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к областной коммунальной собственности.

      23. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Перечень организаций, находящихся в ведении Управления:

      Коммунальное государственное учреждение "Туристский информационный центр "Visit Qaraganda".