Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "GreenDorf"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Томар ауылдық округі жерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, жалпы көлемі- 8116,324 га; меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2026 жылдың 07 қыркүйекке дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Жер пайдаланушы- "GreenDorf" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | Ә. Арғынов |
Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2025 жылғы "3" маусымдағы № 170 қаулысына қосымша |
"GreenDorf" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Орналасқан жері | Кадастырлық номері | Жалпы көлемі, га | қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; |
1 | Кулькин М.Ж. (ШҚ жүргізу) | 09-133-034-065 | 1180,0 | 526,7945 |
2 | Кулькин Ж. (тұрғын үйге қызмет көрсету) | 09-133-034-037 | 0,6002 | 0,6002 |
3 | Алдабаева У.О. (ШҚ жүргізу) | 09-133-034-125 | 2360,0043 | 229,5090 |
4 | Кулькин М.Ж. (ШҚ жүргізу) | 09-133-034-066 | 50 | 50 |
5 | Алдабаев Т.О. (тұрғын үйге қызмет көрсету) | 09-133-034-034 | 0,1435 | 0,1435 |
6 | Мухтаров Е.К. (ШҚ жүргізу) | 09-133-034-049 | 0,24 | 0,24 |
7 | Садуакас С. (ШҚ жүргізу) | 09-133-034-094 | 972 | 48,8475 |
8 | Алдабаев Т.О. (ШҚ жүргізу) | 09-133-034-032 | 3025 | 624,1423 |
9 | Садуакас С. (ШҚ жүргізу) | 09-133-034-093 | 2000 | 31,8369 |
10 | Босалқы жер қоры | 6604,21 | ||
Барлығы: | 9587,988 | 8116,324 |