"GreenDorf" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 170 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "GreenDorf"" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Томар ауылдық округі жерінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, жалпы көлемі- 8116,324 га; меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2026 жылдың 07 қыркүйекке дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Жер пайдаланушы- "GreenDorf" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

      3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.

      4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі Ә. Арғынов

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2025 жылғы "3" маусымдағы
№ 170 қаулысына қосымша

"GreenDorf" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Орналасқан жері

Кадастырлық номері

Жалпы көлемі, га

қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;

1

Кулькин М.Ж. (ШҚ жүргізу)

09-133-034-065

1180,0

526,7945

2

Кулькин Ж. (тұрғын үйге қызмет көрсету)

09-133-034-037

0,6002

0,6002

3

Алдабаева У.О. (ШҚ жүргізу)

09-133-034-125

2360,0043

229,5090

4

Кулькин М.Ж. (ШҚ жүргізу)

09-133-034-066

50

50

5

Алдабаев Т.О. (тұрғын үйге қызмет көрсету)

09-133-034-034

0,1435

0,1435

6

Мухтаров Е.К. (ШҚ жүргізу)

09-133-034-049

0,24

0,24

7

Садуакас С. (ШҚ жүргізу)

09-133-034-094

972

48,8475

8

Алдабаев Т.О. (ШҚ жүргізу)

09-133-034-032

3025

624,1423

9

Садуакас С. (ШҚ жүргізу)

09-133-034-093

2000

31,8369

10

Босалқы жер қоры



6604,21


Барлығы:


9587,988

8116,324


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады