"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 20 мамырдағы №15-4-1/245 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы, М.Мамыраев ауылдық округіне қарасты Чкалов қыстағында орналасқан "Айса" шаруа қожалығының аумағында белгіленген ұсақ мүйізді малдар арасында "Инфекциялық энтеротоксимия (Clostridium perfringens) қоздырғышын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Қарқаралы ауданы, Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 5 наурыздағы №2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі | К.Тусупов |