Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімінің 2025 жылғы 5 наурыздағы № 2 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2025 жылғы 4 наурыздағы №15-4-1/119 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ұсақ мүйізді малдар арасында "Инфекциялық энтеротоксимия (Clostridium perfringens) қоздырғышы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, М.Мамыраев ауылдық округіне қарасты Чкалов қыстағында орналасқан "Айса" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мартбек Мамыраев ауылдық округінің әкімі К.Тусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады