Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырындағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 қаулысына және Шет ауданының төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі аудандық комисияның 2025жылдың 21 ақпандағы №1 хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы, Нұраталды, Красная поляна, Талды, Ақой, Ақшоқы, Шет, Дария, Ақшатау, Батық, Бұрма және Кеншоқы ауылдық округтерінің аумағында "Шет энерго" ЖШС желілеріндегі электр қуатының ажыратылуына байланысты, 2025 жылдың 21 ақпанынан бастап жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Д.Қ.Карсембаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды өткізуді тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
М.Мұхтаров |