Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қаңтардағы №11-02/09 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
3. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың Тізіліміне тиісті өзгеріс енгізсін.
4. "Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Маңғыстау облысы әкімі орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "11" ақпандағы | |
№30 қаулысымен бекітілді |
"Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Маңғыстау облысының аумағында ақпарат, ішкі саясат және қоғамдық даму, мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, № 1 ғимарат, пошталық индексі 130001.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Облыстың мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық процестерді демократияландыруды және қоғамды біріктіруді қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау, этносаралық қатынастар, диаспора саясаты, отандастармен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, Басқарманың құзыретіне кіретін қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
2) қоғамдық және этномәдени бірлестіктерді, саяси партияларды, қоғамдық-саяси ұйымдарды, масс-медиа, қоғам өкілдерін және өзге де үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мен олармен өзара іс-қимыл жасаудың облыстық инфрақұрылымын дамыту;
3) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттауды қамтамасыз ету;
4) Облыстың ақпарат және қоғамдық даму саласындағы басымдықтарды әзірлеу;
5) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттауға қатысу;
6) ақпарат және қоғамдық даму мәселелерінде тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдарды, сондай-ақ азаматтық бірегейлікті, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
7) облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
8) Облыста қоғамдық-саяси жағдайға болжам жасауға бағытталған әлеуметтік және саясаттанушылық зерттеулер жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мақсаттар.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті актілерді қабылдау;
облыс әкіміне жергілікті атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді зерделеуге қатысу үшін мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде комиссияларды, жұмыс топтарын құру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерін қабылдау және қарау;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
Басқарманы цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау;
Басқарманың құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы іс-шараларын ұйымдастыру, жоспарлау және орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;
ҚР "Азаматтық қорғау туралы" Заңында көзделген талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) өңірдегі ірі әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
4) ішкі саяси саладағы, этносаралық және конфессияаралық қатынастар, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру;
5) облыстың үкіметтік емес ұйымдары туралы мәліметтерді қалыптастыру, жинақтау, қорыту және уәкілетті органға есеп ұсыну;
6) саяси партиялармен, этномәдени, үкіметтік емес және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара байланыстарды жүзеге асыру;
7) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайларда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік және заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;
8) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
9) қазақстандық патриотизмді және этносаралық төзімділікті нығайту бойынша шаралар қолдану;
10) жергілікті деңгейде Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
11) өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды талдау және болжау;
12) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету
13) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесінде тапсырыс беруші мен конкурстар ұйымдастырушысы функцияларын жүзеге асыру, бұл мақсаттарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру;
14) Облыс аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қолданылуына (орнату, орналастыру) бақылауды жүзеге асыру;
15) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, мониторинг жүргізуді, іске асыруды және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
16) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша ақпарат ұсыну;
17) этносаралық қатынастар саласындағы процестерді зерделеу және талдау, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша сапалы зерттеулерді қамтамасыз ету және бақылау;
18) Басқарманың құзыреті шеңберінде мониторинг, талдау және әлеуметтік зерттеулер жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
19) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс Ассамблеясымен, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
20) этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен өңірлік іс-шаралар, акциялар мен конкурстарды өткізу, этносаралық қарым-қатынастар саласында облыс қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарына консультативтік көмек көрсету;
21) этномәдени бірлестіктермен және басқа да қоғамдық ұйымдармен этносаралық келісім мен төзімділікті нығайту бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
22) облысқа келген және тұрып жатқан отандастарымыз – этникалық қазақтардың жағдайын мониторингілеу және талдау;
23) облысқа келген және тұрып жатқан отандастарымызды қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
24) облыс Ассамблеясының төрағасы мен кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
25) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпаратты тұрақты негізде жинауды және оны Қазақстан халқы Ассамблея Аппаратына тоқсан сайын ұсынуды жүзеге асыру;
26) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру;
27) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау, бойынша республикалық және облыстық маңызы бар ақпараттық-насихаттық топтардың (АНТ) қызметін ұйымдастыру, АНТ-ны ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
28) өңірлік деңгейде масс-медиа мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;
29) "Маңғыстау облысының Құрметті азаматы" атағын беру, куәліктерді және төсбелгілерді, облыстың Құрмет кітабын әзірлеу, рәсімдеу және сақтау мәселелері жөніндегі құжаттамаларды жүргізу және есепке алу;
30) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қабылдау;
31) Облыс әкімдігі мен әкімінің Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі актілерінің жобаларын дайындау;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшылары мен орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз ету;
5) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
7) келісімшарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) банктік шоттар ашады;
10) өз уәкілеттігі шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
13) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
14) Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйымдарының тізбесі
1) "Маңғыстау-Медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2) Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.