Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына 2)-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес Денисов ауданының Перелески ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески ауылының аумағында орналасқан 0,3195 гектар жер учаскесіне 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге "Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески ауылын сумен жабдықтауды реконструкциялау" объектісіне ВЛ-10кВ электрмен жабдықтау желісін пайдалану және қызмет көрсету үшін жария сервитут белгіленсін.
2. "Перелески ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданының Перелески ауылы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім онын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Е. Шулика |