Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына 2)-тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына сәйкес Денисов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай облысы Денисов ауданы Гришенка ауылын сумен жабдықтау тарату желілерін салу үшін (түзету)" объектіне сумен жабдықтау желілерін пайдалану және қызмет көрсету үшін, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов ауылдық округі, Гришенка ауылы аумағында орналасқан жалпы алаңы 6,2109 гектар жер учаскесінде 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауылдық округі әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім онын алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Н. Каримбаев |