"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 33-бабына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген), Жітіқара ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 2 хаттамасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Чайковский аулының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Мендыбаев Ерлан Абдрахманович тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Жаныспаев |