Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, 17.02.2025 жылғы №323-ЖСН (ПВ) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия негізінде Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін және 17 ақпан 2028 жылға дейінгі мерзімге Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Аралкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жалпы ауданы 43 655,0 гектар жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығын берсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған он күн күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Жаулыбаев |