"Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамына жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 44 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, 17.02.2025 жылғы №323-ЖСН (ПВ) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия негізінде Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамы жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін және 17 ақпан 2028 жылға дейінгі мерзімге Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Аралкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жалпы ауданы 43 655,0 гектар жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығын берсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған он күн күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаулыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады