Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18 - бабына, 69 - бабының 4 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне электр беру желілерін салу және пайдалану үшін, ұзындығы 7,0 км екі тізбекті ӘЖ 110 кВ "Центральная - Заречная - 1" жұмыс істеп тұрған ЭБЖ - 110 кВ екі тізбекті қоса отырып және ұзындығы 2 км бір тізбекті ӘЖ-110кВ "Центральная - Заречная - 2" жұмыс істеп тұрған ЭБЖ - 110кВ "Центральная - Заречная - 2" ЭБЖ салу және пайдалану үшін, Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы ауданы 41,4000 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін.
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | О. Нургалиев |