Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындау қағидалары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 23 мамырдағы № 32 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына және 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындау қағидалары.

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы А. Амрин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Министрдің міндетін атқарушы
2025 жылғы 23 мамырдағы
№ 32 Бұйрыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын бюджет қаражаты есебінен айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісінше ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – Кодекстің 110-бабы 4-тармағына сәйкес Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметінің процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау не ахуалды егжей-тегжейлі талдау жөніндегі, жұмыстың қаржылық және басқарушылық (мынадай негізгі көрсетілетін қызметтер шеңберінде: басқарушылық консалтинг, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік көрсетілетін қызметтер) тиімділігін арттыру үшін кейінгі іс-қимылдарды түзету бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындау тәртібі

      3. Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің құны зерттеу жүргізуге, консалтингтік қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды, тікелей шығындар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып мынадай:

      Қ = ∑ЕТ+ТШ + ЖШ, мұндағы:

      Қ – зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің құны;

      ∑ЕА+ТШ – еңбекақы төлеу бойынша шығыстар сомасы;

      ЕТ – қызметкерлерге еңбекақы төлеу;

      ТШ – осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, тікелей шығыстар;

      ЖШ – жанама шығыстар.

      4. Еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар мен тікелей шығыстардың сомасы қызмет көрсетуден түскен еңбек шығындарын қызметкердің сағаттық мөлшерлемесіне көбейту жолымен айқындалады:

      ∑ ЕТ+ТШ = ЕШ * СМ, мұндағы:

      ЕШ – қызмет көрсетуден түскен еңбек шығындары;

      СМ – қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі.

      5. Әрбір орындаушы бойынша қызмет көрсетуден түскен еңбек шығындары мынадай мәнде есептеледі:

      ЕШ = А * С * ОАС, мұндағы:

      ЕШ – бір адамға шаққандағы адамның еңбек шығыны/сағат;

      А – орындауға кеткен айлар саны;

      С – күніне орындау сағаттарының саны;

      ОАС – жұмыс күндерінің орташа айлық саны (жұмыс уақытының балансына сәйкес, тиісті жылға). 

      6. Бір қызметкерге сағаттық мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі:

, мұндағы:

      СМ – қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі;

      ЕА – тікелей қызмет көрсететін қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар;

      ТШ – айына бір адамға келетін тікелей шығыстар;

      ЖСО – жұмыс сағаттарының орташа айлық саны (тиісті жылға жұмыс уақытының балансына сәйкес).

      7. Жанама шығыстарды зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету құнына қосу үшін зерттеу жүргізумен, консалтингтік қызмет көрсетумен айналысатын бір қызметкерге (бұдан әрі – ғылыми қызметкерлер) арналған шығыстар айқындалады.

      8. Жылына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар ұйымның ғылыми қызметкерлерінің санына шаққандағы жанама шығыстар сомасының қатынасына тең:

, мұндағы:

      ЖЖШ – жылына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар;

      ҒҚС – ұйымның ғылыми қызметкерлерінің саны.

      9. Бір айда бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар жылына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстардың 12 айға қатынасына тең:

, мұндағы:

      АЖШ – айына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар.

      10. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету бойынша орындаушылардың санын орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен шарттарына қарай ұйым белгілейді.

3-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтерінің құнын айқындауға арналған шығындар түрі

      11. Зерттеу, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнына мынадай шығыстар:

      1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;

      2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

      3) ақпараттық ілгерілету (жарнама) бойынша шығыстар;

      4) демеушілік көмек;

      5) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары енгізілмейді.

      12. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:

      1) зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттық және штаттан тыс) жалақысы;

      2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызметтер көрсететін персоналдың Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;

      3) қосылған құн салығы;

      4) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

      5) сыртқы сарапшыларды тарту (орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспайтын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетлетін қызметтердің шекті көлемі);

      6) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу;

      7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулер, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);

      8) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;

      9) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);

      10) курьерлік көрсетілетін қызметтер (материалдарды тарату);

      11) жалға алынатын үй-жайларда тікелей зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайларда жалдау ақысы;

      12) банктік қызметтер;

      13) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қолжетімділік;

      14) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын аударма бойынша көрсетілетін қызметтер.

      13. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тікелей өзіндік құнына жатпайды және мынадай шығындарды:

      1) әкімшілік персоналдың жалақысын;

      2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әкімшілік персоналды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарын;

      3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және басқалар);

      4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстарын (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

      5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясын;

      6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсетуді және жөндеуді;

      7) өзге де шығыстарды (коммуналдық, байланыс, ақпараттық (жарнаманы қоспағанда) көрсетілетін қызметтер, өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтау, қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер, өкілдік шығыстар, аудиторлық көрсетілетін қызметтер, банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар, өзге де шығыстар) қамтиды.

      14. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету кезіндегі шығыстардың әрбір бабы баға ұсыныстарының (кемінде үш) не Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының салалық қауымдастықтарының сараптамалық қорытындысы негізінде қалыптастырылады.

      15. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталынан орташа баға пайдаланылады.

      16. Қызметкерге еңбекақы төлеуге арналған шығыстар құрамында сағаттық мөлшерлемені есептеу кезінде мыналар:

      1) штаттық кестеге сәйкес қызмет көрсететін қызметкерлердің лауазымдық жалақылары;

      2) ғылыми-зерттеу жүргізетін және консалтингтік қызмет көрсететін ғылыми қызметкерлерге "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағына сәйкес ғылыми дәрежелері үшін ғылым кандидатына, философия докторына (PhD), бейіні бойынша докторға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде және ғылым докторына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен ай сайын қосымша ақы белгіленеді;

      3) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары бойынша есептеулер ескеріледі;

      4) адам сағаты құнының шекті мөлшері ресми статистикалық деректерге сәйкес республика бойынша экономикалық сыныптаманың тиісті саласындағы адам сағатының орташа құнынан аспауға тиіс;

      5) сауықтыруға арналған, алайда лауазымдық жалақысынан 100% (жүз пайыз) аспайтын жәрдемақы.

      Сауықтыруға арналған жәрдемақылар айлар бойынша пропорционал түрде бөлінеді.

  Бұйрыққа 2-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын бюджет қаражаты есебінен айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

      мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталға мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жеке мемлекеттік қызметтерді көрсету және өзге де міндеттерді орындау үшін берілетін тапсырыс.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібі

      3. Мемлекеттік тапсырманың құны мемлекеттік тапсырманы орындауға тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды, тікелей шығындар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып мынадай:

      Қ = ∑ЕТ+ТШ + ЖШ, мұндағы:

      Қ – мемлекеттік тапсырманың құны;

      ∑ЕА+ТШ – еңбекақы төлеу бойынша шығыстар сомасы;

      ЕТ – қызметкерлерге еңбекақы төлеу;

      ТШ – осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, тікелей шығыстар;

      ЖШ – жанама шығыстар.

      4. Еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар мен тікелей шығыстардың сомасы қызмет көрсетуден түскен еңбек шығындарын қызметкердің сағаттық мөлшерлемесіне көбейту жолымен айқындалады:

      ∑ ЕТ+ТШ = ЕШ * СМ, мұндағы:

      ЕШ – қызмет көрсетуден түскен еңбек шығындары;

      СМ – қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі.

      5. Әрбір орындаушы бойынша қызмет көрсетуден түскен еңбек шығындары мынадай мәнде есептеледі:

      ЕШ = А * С * ОАС, мұндағы:

      ЕШ – бір адамға шаққандағы адамның еңбек шығыны/сағат;

      А – орындауға кеткен айлар саны;

      С – күніне орындау сағаттарының саны;

      ОАС – жұмыс күндерінің орташа айлық саны (жұмыс уақытының балансына сәйкес, тиісті жылға).

      6. Бір қызметкерге сағаттық мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі:

, мұндағы:

      СМ – қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі;

      ЕА – тікелей қызмет көрсететін қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар;

      ТШ – айына бір адамға келетін тікелей шығыстар;

      ЖСО – жұмыс сағаттарының орташа айлық саны (тиісті жылға жұмыс уақытының балансына сәйкес).

      7. Жанама шығыстарды мемлекеттік тапсырма құнына қосу үшін мемлекеттік тапсырманы орындаумен айналысатын бір қызметкерге (бұдан әрі – ғылыми қызметкерлер) арналған шығыстар айқындалады.

      8. Жылына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар ұйымның ғылыми қызметкерлерінің санына шаққандағы жанама шығыстар сомасының қатынасына тең:

,

      мұндағы:

      ЖЖШ – жылына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар;

      ҒҚС – ұйымның ғылыми қызметкерлерінің саны.

      9. Бір айда бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар жылына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстардың 12 айға қатынасына тең:

, мұндағы:

      АЖШ – айына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар.

      10. Мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша орындаушылардың санын орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен шарттарына қарай ұйым белгілейді.

3-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындауға арналған шығындар түрі

      11. Мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығыстар:

      1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;

      2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

      3) ақпараттық ілгерілету (жарнама) бойынша шығыстар;

      4) демеушілік көмек;

      5) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары енгізілмейді.

      12. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:

      1) мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттық және штаттан тыс) жалақысы;

      2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;

      3) қосылған құн салығы;

      4) мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

      5) сыртқы сарапшыларды тарту (орындалатын жұмыстар көлемінің екіден бірінен аспайтын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі);

      6) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу;

      7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулер, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);

      8) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;

      9) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);

      10) курьерлік көрсетілетін қызметтер (материалдарды тарату);

      11) жалға алынатын үй-жайларда тікелей мемлекеттік тапсырманы орындау үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайларда жалдау ақысы;

      12) банктік қызметтер;

      13) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қолжетімділік;

      14) мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма бойынша көрсетілетін қызметтер.

      13. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тікелей өзіндік құнына жатпайды және мынадай шығындарды:

      1) әкімшілік персоналдың жалақысын;

      2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әкімшілік персоналды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарын;

      3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және басқалар);

      4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстарын (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

      5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясын;

      6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсетуді және жөндеуді;

      7) өзге де шығыстарды (коммуналдық, байланыс, ақпараттық (жарнаманы қоспағанда) көрсетілетін қызметтер, өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтау, қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер, өкілдік шығыстар, аудиторлық көрсетілетін қызметтер, банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар, өзге де шығыстар) қамтиды.

      14. Мемлекеттік тапсырманы орындау кезіндегі шығыстардың әрбір бабы баға ұсыныстарының (кемінде үш) не Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының салалық қауымдастықтарының сараптамалық қорытындысы негізінде қалыптастырылады.

      15. Мемлекеттік тапсырманы орындау үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталынан орташа баға пайдаланылады.

      16. Қызметкерге еңбекақы төлеуге арналған шығыстар құрамында сағаттық мөлшерлемені есептеу кезінде мыналар:

      1) штаттық кестеге сәйкес қызмет көрсететін қызметкерлердің лауазымдық жалақылары;

      2) мемлекеттік тапсырманы орындайтын ғылыми қызметкерлерге "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағына сәйкес ғылыми дәрежелері үшін ғылым кандидатына, философия докторына (PhD), бейіні бойынша докторға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде және ғылым докторына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен ай сайын қосымша ақы белгіленеді;

      3) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары бойынша есептеулер ескеріледі;

      4) адам сағаты құнының шекті мөлшері ресми статистикалық деректерге сәйкес республика бойынша экономикалық сыныптаманың тиісті саласындағы адам сағатының орташа құнынан аспауға тиіс;

      5) сауықтыруға арналған, алайда лауазымдық жалақысынан 100% (жүз пайыз) аспайтын жәрдемақы.

      Сауықтыруға арналған жәрдемақылар айлар бойынша пропорционал түрде бөлінеді.

Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства национальной экономики Республики Казахстан и Правил определения стоимости государственного задания Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 мая 2025 года № 32

      В соответствии с пунктом 2 статьи 14 и пунктом 4 статьи 16 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства национальной экономики Республики Казахстан согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) Правила определения стоимости государственного задания Министерства национальной экономики Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту экономики и финансов Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа его направление для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий
обязанности министра
А. Амрин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Исполняющий
обязанности министра
от 23 мая 2025 года № 32

Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 14 Бюджетного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и устанавливают порядок определения стоимости исследований, консалтинговых услуг за счет бюджетных средств при формировании бюджетной заявки.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) исследования – прикладные, фундаментальные, стратегические научные исследования, осуществляемые субъектами научной и (или) научно-технической деятельности в рамках научно-исследовательских, опытно-конструкторских и технологических работ, надлежащими научными методами и средствами в целях достижения результатов научной и (или) научно-технической деятельности;

      2) консалтинговые услуги – услуги по определению и оценке проблем, возможностей, возникающих в процессе деятельности государственного органа либо по детальному анализу ситуации, по разработке эффективных рекомендаций по коррекции дальнейших действий для повышения финансовой и управленческой эффективности работы (в рамках следующих основных видов услуг: управленческий консалтинг, административно-кадровый консалтинг, финансовый консалтинг, IT-консалтинг, юридический консалтинг, специализированный консалтинг, консалтинг в области обороны, технические консалтинговые услуги) согласно Перечню специфик экономической классификации расходов, в том числе видов расходов, по которым регистрация заключенных гражданско-правовых сделок является обязательной, в соответствии с пунктом 4 статьи 110 Кодекса.

Глава 2. Порядок определения стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства национальной экономики Республики Казахстан

      3. Стоимость исследования, консалтинговой услуги определяется исходя из расходов на оплату труда работников, непосредственно участвующих в проведении исследования, оказания консалтинговой услуги, прямых расходов и косвенных расходов по следующей формуле:

      С = ∑ОТ+ПР + КР, где:

      С – стоимость исследования, консалтинговой услуги;

      ∑ОТ+ПР – сумма расходов по оплате труда;

      ОТ – оплата труда сотрудников;

      ПР – прямые расходы, за исключением расходов, предусмотренных подпунктом 1) пункта 12 настоящих Правил;

      КР – косвенные расходы.

      4. Сумма расходов по оплате труда и прямых расходов определяется путем умножения трудозатрат от оказания услуги на почасовую ставку сотрудника:

      ∑ОТ+ПР = ТЗ * ЧС, где:

      ТЗ – трудозатраты от оказания услуги;

      ЧС – почасовая ставка сотрудника.

      5. Трудозатраты от оказания услуги по каждому исполнителю рассчитываются следующим образом:

      ТЗ = М * Ч * СРД, где:

      ТЗ – трудозатраты человека/час на одного человека;

      М – количество месяцев исполнения;

      Ч – количество часов исполнения в день;

      СРД – среднемесячное число рабочих дней (согласно балансу рабочего времени, на соответствующий год).

      6. Почасовая ставка на одного сотрудника рассчитывается по формуле:

, где:

      ЧС – почасовая ставка сотрудника;

      ОТ – расходы по оплате труда сотрудников, непосредственно оказывающих услуги;

      ПР – прямые расходы, приходящиеся на одного человека в месяц;

      CРЧ – среднемесячное количество рабочих часов (согласно балансу рабочего времени, на соответствующий год).

      7. Для включения косвенных расходов в стоимость исследования, консалтинговой услуги определяются расходы на одного сотрудника, занятого проведением исследования, оказанием консалтинговой услуги (далее – научные сотрудники).

      8. Косвенные расходы на одного научного сотрудника в год равны отношению сумм косвенных расходов к численности научных сотрудников организации:

, где:

      КРГ – косвенные расходы на одного научного сотрудника в год;

      ЧНС – численность научных сотрудников организации.

      9. Косвенные расходы на одного научного сотрудника за месяц равны отношению косвенных расходов на одного научного сотрудника в год к 12 месяцам:

, где:

      КРМ – косвенные расходы на одного научного сотрудника за месяц.

      10. Количество исполнителей по проведению исследования, оказанию консалтинговой услуги устанавливается организацией в зависимости от сложности и условий выполняемых работ.

Глава 3. Виды затрат для определения стоимости исследований, консалтинговых услуг Министерства национальной экономики Республики Казахстан

      11. В стоимость исследования, консалтинговой услуги не включаются следующие расходы:

      1) формирование резервов на возможные убытки;

      2) покрытие прочих долгов и убытков прошлых периодов;

      3) расходы по информационному продвижению (реклама);

      4) спонсорская помощь;

      5) штрафы, пени и неустойки.

      12. К прямым расходам относятся:

      1) заработная плата работников (штатных и внештатных), осуществляющих исследования, консалтинговые услуги;

      2) социальный налог, социальные отчисления в государственный фонд социального страхования, отчисления работодателей в Фонд социального медицинского страхования персонала, проводящего исследование, оказывающего консалтинговую услугу;

      3) налог на добавленную стоимость;

      4) командировочные расходы персонала, проводящего исследование, оказывающего консалтинговую услугу (служебные разъезды внутри страны и (или) за пределы страны);

      5) привлечение внешних экспертов (предельные объемы работ и услуг, которые могут быть переданы субподрядчикам (соисполнителям) для выполнения работ либо оказания услуг, которые не могут превышать в совокупности одной второй объема выполняемых работ или оказываемых услуг);

      6) приобретение материалов, непосредственно используемых для проведения исследования, оказания консалтинговой услуги;

      7) услуги связи (междугородние телефонные переговоры, абонентская плата за телефоны, почтово-телеграфные затраты, факс, электронная почта, интернет);

      8) транспортные услуги, непосредственно используемые для проведения исследования, оказания консалтинговой услуги;

      9) полиграфические расходы (тиражирование бланочной продукции: анкет, маршрутных листов, карточек, отчетов, тестовых заданий, переплет, подшивка и обработка документов);

      10) курьерские услуги (рассылка материалов);

      11) арендная плата в случаях необходимости проведения конференций, семинаров, круглых столов, непосредственно для проведения исследования, оказания консалтинговой услуги в арендуемых помещениях;

      12) банковские услуги;

      13) доступ к информационным базам данных государственных органов;

      14) переводческие услуги, непосредственно используемые для проведения исследования, оказания консалтинговой услуги.

      13. Косвенные расходы не относятся напрямую к себестоимости оказываемых услуг (работ) и включают следующие расходы:

      1) заработная плата административного персонала;

      2) социальный налог, социальные отчисления в государственный фонд социального страхования, отчисления работодателей в Фонд социального медицинского страхования административного персонала;

      3) налоги и другие обязательные платежи в бюджет (налог на имущество, налог на транспортные средства, земельный налог и другое);

      4) командировочные расходы административного персонала (служебные разъезды внутри страны и (или) за пределы страны);

      5) амортизация основных средств и нематериальных активов;

      6) обслуживание и ремонт основных средств и нематериальных активов;

      7) прочие расходы (коммунальные услуги, услуги связи, информационные услуги (за исключением рекламы), пожарная безопасность и соблюдение специальных требований, услуги по охране, аудиторские услуги, банковские услуги, нотариальные услуги, типографские расходы, прочие расходы).

      14. Каждая статья расходов при проведении исследования, оказания консалтинговой услуги формируется на основании ценовых предложений (не менее трех) либо экспертного заключения отраслевых ассоциаций Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен".

      15. При определении стоимости товаров необходимых для проведения исследования, оказания консалтинговой услуги используется средняя цена с веб-портала государственных закупок Республики Казахстан.

      16. При расчете почасовой ставки в составе расходов на оплату труда сотрудника учитываются:

      1) должностные оклады сотрудников, оказывающих услугу в соответствии со штатным расписанием;

      2) научным работникам, выполняющим исследования и консалтинговые услуги, из государственного бюджета устанавливается ежемесячная доплата за ученые степени, в размере 17-кратного месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года, для кандидата наук, доктора философии (PhD), доктора по профилю и в размере 34-кратного месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года, для доктора наук), предусмотренные системой оплаты труда, согласно пункту 2 статьи 28 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике";

      3) начисления по социальному налогу, социальным отчислениям в государственный фонд социального страхования, отчислениям работодателей в Фонд социального медицинского страхования;

      4) предельный размер стоимости человека часа не более средней стоимости человека часа в соответствующей отрасли экономической классификации по республике согласно официальным статистическим данным;

      5) пособия на оздоровление, но не более чем 100% (сто процентов) от должностного оклада.

      Пособия на оздоровление распределяются по месяцам пропорционально.

  Приложение 2 к приказу

Правила определения стоимости государственного задания Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения стоимости государственного задания Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 16 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок определения стоимости государственного задания за счет бюджетных средств при формировании бюджетной заявки.

      2. В настоящих Правилах используется следующее основное понятие:

      государственное задание – заказ субъектам квазигосударственного сектора с участием государства в уставном капитале и иным юридическим лицам, определяемым Правительством Республики Казахстан, на оказание отдельных государственных услуг и выполнение других задач.

Глава 2. Порядок определения государственного задания Министерства национальной экономики Республики Казахстан

      3. Стоимость государственного задания определяется исходя из расходов на оплату труда работников, непосредственно участвующих в выполнении государственного задания, прямых расходов и косвенных расходов по следующей формуле:

      С = ∑ОТ+ПР + КР, где:

      С – стоимость государственного задания;

      ∑ОТ+ПР – сумма расходов по оплате труда;

      ОТ – оплата труда сотрудников;

      ПР – прямые расходы, за исключением расходов, предусмотренных подпунктом 1) пункта 12 настоящих Правил;

      КР – косвенные расходы.

      4. Сумма расходов по оплате труда и прямых расходов определяется путем умножения трудозатрат от оказания услуги на почасовую ставку сотрудника:

      ∑ОТ+ПР = ТЗ * ЧС, где:

      ТЗ – трудозатраты от оказания услуги;

      ЧС – почасовая ставка сотрудника.

      5. Трудозатраты от оказания услуги по каждому исполнителю рассчитываются следующим образом:

      ТЗ = М * Ч * СРД, где:

      ТЗ – трудозатраты человека/час на одного человека;

      М – количество месяцев исполнения;

      Ч – количество часов исполнения в день;

      СРД – среднемесячное число рабочих дней (согласно балансу рабочего времени, на соответствующий год).

      6. Почасовая ставка на одного сотрудника рассчитывается по формуле:

, где:

      ЧС – почасовая ставка сотрудника;

      ОТ – расходы по оплате труда сотрудников, непосредственно оказывающих услуги;

      ПР – прямые расходы, приходящиеся на одного человека в месяц;

      CРЧ – среднемесячное количество рабочих часов (согласно балансу рабочего времени, на соответствующий год).

      7. Для включения косвенных расходов в стоимость государственного задания определяются расходы на одного сотрудника, занятого выполнением государственного задания (далее – научные сотрудники).

      8. Косвенные расходы на одного научного сотрудника в год равны отношению сумм косвенных расходов к численности научных сотрудников организации:

, где:

      КРГ – косвенные расходы на одного научного сотрудника в год;

      ЧНС – численность научных сотрудников организации.

      9. Косвенные расходы на одного научного сотрудника за месяц равны отношению косвенных расходов на одного научного сотрудника в год к 12 месяцам:

, где:

      КРМ – косвенные расходы на одного научного сотрудника за месяц.

      10. Количество исполнителей по выполнению государственного задания устанавливается организацией в зависимости от сложности и условий выполняемых работ.

Глава 3. Виды затрат для определения стоимости государственного задания Министерства национальной экономики Республики Казахстан

      11. В стоимость государственного задания не включаются следующие расходы:

      1) формирование резервов на возможные убытки;

      2) покрытие прочих долгов и убытков прошлых периодов;

      3) расходы по информационному продвижению (реклама);

      4) спонсорская помощь;

      5) штрафы, пени и неустойки.

      12. К прямым расходам относятся:

      1) заработная плата работников (штатных и внештатных), осуществляющих государственное задание;

      2) социальный налог, социальные отчисления в государственный фонд социального страхования, отчисления работодателей в Фонд социального медицинского страхования персонала, выполняющего государственное задание;

      3) налог на добавленную стоимость;

      4) командировочные расходы персонала, выполняющего государственное задание (служебные разъезды внутри страны и (или) за пределы страны);

      5) привлечение внешних экспертов (предельные объемы работ и услуг, которые могут быть переданы субподрядчикам (соисполнителям) для выполнения работ либо оказания услуг, которые не могут превышать в совокупности одной второй объема выполняемых работ или оказываемых услуг);

      6) приобретение материалов, непосредственно используемых выполнения государственного задания;

      7) услуги связи (междугородние телефонные переговоры, абонентская плата за телефоны, почтово-телеграфные затраты, факс, электронная почта, интернет);

      8) транспортные услуги, непосредственно используемые для выполнения государственного задания;

      9) полиграфические расходы (тиражирование бланочной продукции: анкет, маршрутных листов, карточек, отчетов, тестовых заданий, переплет, подшивка и обработка документов);

      10) курьерские услуги (рассылка материалов);

      11) арендная плата в случаях необходимости проведения конференций, семинаров, круглых столов, непосредственно для выполнения государственного задания в арендуемых помещениях;

      12) банковские услуги;

      13) доступ к информационным базам данных государственных органов;

      14) переводческие услуги, непосредственно используемые для выполнения государственного задания.

      13. Косвенные расходы не относятся напрямую к себестоимости оказываемых услуг (работ) и включают следующие расходы:

      1) заработная плата административного персонала;

      2) социальный налог, социальные отчисления в государственный фонд социального страхования, отчисления работодателей в Фонд социального медицинского страхования административного персонала;

      3) налоги и другие обязательные платежи в бюджет (налог на имущество, налог на транспортные средства, земельный налог и другое);

      4) командировочные расходы административного персонала (служебные разъезды внутри страны и (или) за пределы страны);

      5) амортизация основных средств и нематериальных активов;

      6) обслуживание и ремонт основных средств и нематериальных активов;

      7) прочие расходы (коммунальные услуги, услуги связи, информационные услуги (за исключением рекламы), пожарная безопасность и соблюдение специальных требований, услуги по охране, аудиторские услуги, банковские услуги, нотариальные услуги, типографские расходы, прочие расходы).

      14. Каждая статья расходов при выполнении государственного задания формируется на основании ценовых предложений (не менее трех) либо экспертного заключения отраслевых ассоциаций Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен".

      15. При определении стоимости товаров необходимых для выполнения государственного задания используется средняя цена с веб-портала государственных закупок Республики Казахстан.

      16. При расчете почасовой ставки в составе расходов на оплату труда сотрудника учитываются:

      1) должностные оклады сотрудников, оказывающих услугу в соответствии со штатным расписанием;

      2) научным работникам, выполняющим государственное задание, из государственного бюджета устанавливается ежемесячная доплата за ученые степени, в размере 17-кратного месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года, для кандидата наук, доктора философии (PhD), доктора по профилю и в размере 34-кратного месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года, для доктора наук), предусмотренные системой оплаты труда, согласно пункту 2 статьи 28 Закона Республики Казахстан "О науке и технологической политике";