Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Павлодар қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 04 ақпандағы № 1 хаттамасы негізінде Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласы, Павлодар ауылы, Мәңгілік Ел көшесі, 5А, 6, мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып қала әкімінің орынбасары А. Д. Аманов тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Х. Хабылбеков |