Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШІМ қабылдадым:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ақсу қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін он жұмыс күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б. Шәріпов |
Ақсу қаласы әкімінің 2025 жылғы "17" _02_2025 № 4 шешіміне қосымша |
Ақсу қаласы әкімінің күші жойылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақсу қаласы әкімінің 2023 жылғы 23 қарашадағы "Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 15 шешімі.
2. Ақсу қаласы әкімінің 2024 жылғы 7 қазандағы "Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 9 шешімі.
3. Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2024 жылғы 19 маусымдағы "Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 5 шешімі.
4. Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2024 жылғы 5 шілдедегі "Ақсу қаласы әкімінің 2024 жылғы 5 шілдедегі "Павлодар облысы Ақсу қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 6 шешімі.