Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы | С. Баумағанбетов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Ғабит Мүсірепов атындағы | |
ауданы мәслихатының | |
2025 жылғы 16 қаңтардағы | |
№ 26-1 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Құны (қосылған құн салығынсыз, теңге) |
Жайлы үйлер | айына бір тұрғынға | 359,88 |
Жайлы емес үйлер | айына бір тұрғынға | 257,21 |
Бірлікке жылдық тариф (көлемі) | 1 м3 | 2529,92 |
Ескерту.
Аббревиатураның транскрипциясы:
м3-текше метр.