Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Нежинка ауылдық округ әкімі ШЕШТІМ:
1. "Нежинка-Ерке" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Нежинка ауылы мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскелерін алып қоймастан, электр желілердін салу және техникалық қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 0,7984 гектар жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Дүйселеков |