Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамына 3 жыл мерзімге мұнай құбырын реконструкциялау үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,1684 гектар жер учаскесіне қосымшаға сәйкес жерден жария сервитут белгіленсін.
Шектеулер, ауыртпалықтар, сервитуттар: жер учаскесі "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының электр беру желісін, кадастрлық нөмірі 15-225-061-042, "KEGOC" акционерлік қоғамының электр беру желісін, кадастрлық нөмірі 15-225-061-006, "Уфа-Омбы", "Уфа-Петропавл" магистральдық мұнай өнімдері құбырының қорғау аймағын кесіп өтеді "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамы.
2. "Транснефть-Урал" акционерлік қоғамы Жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары А.К. Биктимировке жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Оразалинов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлютка қаласы әкімінің | |
шешіміне қосымша. | |
2025 жылғы "__" _____ | |
№ __ қаулысына қосымша |
Жер эксприкациясы
гектармен | ||||
№ р/с | Кадастрлық нөмір | Жер пайдаланушылардың атауы | Берілетін алаң, га | оның ішінде |
табиғи жайылымдар | ||||
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | ||||
1 | 15-233-022 | Мамлютка қаласы | 0,1684 | 0,1684 |
Елді мекендер жерлерінің жиыны: | 0,1684 | 0,1684 | ||
Мамлютка қаласы бойынша жер жиыны: | 0,1684 | 0,1684 | ||
Мамлют ауданы бойынша жер жиыны: | 0,1684 | 0,1684 |