Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 01 сәуірдегі № 70 қаулысына келесі өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
15-тармақтың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"42) медиация саласында жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді;";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 43) тармақшамен толықтырылсын:
"43) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен енгізілген өзгеріс және толықтыру туралы тіркеуші органды хабарласын және өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Степаненко |