"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 08-02-07/74 ұсыныс хатына сәйкес, Маяқұм ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар ауданы, Маяқұм ауыл округі, Ә.Майданов көшесінің аумағында "құтыру" ауруының анықталуына байланысты Ә.Майданов көшесінің бойына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Р.Ілесбек |