"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №416 Заңының 19 бабына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданында жолаушыларды ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарының тарифі бір шақырымға 11 теңге көлемінде белгіленсін.
2. Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында қалалық (ауылдық) маршрутында жолаушыларды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдау құны бірыңғай 100 теңге болып бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оразовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | С.Маманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Созақ аудандық
мәслихатының төрағасы
_______________О.Жамиев