Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35,37-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Қазыбек би ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 6 ақпандағы №07 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне (Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы "11" ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің 1-ші тармақтың 2) тармақшасындағы "Кабанбай батыр" деген сөздер "Қабанбай батыр" деген сөздермен өзгертілсін;
3) тармақшасындағы "Озбекали Жанибек" деген сөздер "Өзбекәлі Жәнібек" деген сөздермен өзгертілсін.
2. Қазақ тіліндегі шешімнің мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазыбек би ауылдық округі әкімі | Н.Мутаев |