"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Қазыбек би ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазыбек би ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс №3 көшеге – Алпамыс батыр атауы;
2) Қазыбек би ауылындағы Жаңа құрылыс №6 көшеге – Қабанбай батыр атауы;
3) Құрбан ата ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге – Өзбекәлі Жәнібек атауы.
Ескерту. 1-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 02.04.2025 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Кадировқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазыбек би ауылдық округі әкімі | Н.Мутаев |