2010 жылғы 19 қарашадағы Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімге сәйкес Кеден одағы комиссиясы шешті:
1. 2014 жылғы 7 шілдені қоса алғандағы мерзімі бойынша Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін 1704 90 710 0, 1704 90 750 0, 1806 90 500 1, 1806 90 500 2 КО СЭҚ ТН кодтарымен жіктелетін карамель 1000 килограммы үшін 294,1 АҚШ доллары мөлшерінде арнайы баж салығы белгіленсін.
Көрсетілген арнайы баж салығын қолдану мақсатында тауар КО СЭҚ ТН кодтарымен, сондай-ақ тауардың атауымен айқындалады.
2. Осы Шешіммен белгіленген арнаулы баж салығының әрекеті дамушы Қытай Халық Республикасын (Тайвань және Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары Гонконг пен Макаоны қоса алғанда) және Туркия Республикасын қоспағанда, Кеден одағының тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушылар-шығарлатын елдерден карамель әкелуге қолданылмайды.
3. Беларусь Республикасы Мемлекеттік кедендік комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Федералдық кедендік қызметке осы Шешіммен белгіленген арнаулы баж алуды қамтамасыз етсін.
4. Осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тауарды әкелуге қатысты Қазақстан Республикасында белгіленген қорғау шарасы осы Шешім қолданысқа енгізілгеннен кейін өз әрекетін тоқтатады.
5. Осы Шешім оның ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Кеден одағының мүшелері:
Беларусь Республикасының Үкіметі атынан |
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан |
Ресей Федерациясының |