2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың 7-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Мемлекеттік шекараның Қырғыз-Қазақстан учаскесінде санитариялық-карантиндік, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жойылсын.
2. Осы Шешімнің 1-тармағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық бақылау жүйесін бағалау, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының қызметкерлерін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) жүйесімен таныстыру нәтижелерін мақұлдау туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь |
Қазақстан Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |