Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық кеңес туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы Хаттаманың 61-тармағын іске асыру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде шектеулердің, алып қоюлардың, қосымша талаптар мен шарттардың жеке ұлттық тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан |
Қазақстан | Қырғыз Республикасынан |
Ресей |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы №32 шешіміне ҚОСЫМША |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы №112 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауындағы және 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін ", Қырғыз Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Аталған Шешіммен бекітілген, Армения Республикасы үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі шектеулердің, алып қоюлардың, қосымша талаптар мен шарттардың жеке ұлттық тізбесін бекіту кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №112 шешімімен БЕКІТІЛГЕН" |
3. Қырғыз Республикасы үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі шектеулердің, алып қоюлардың, қосымша талаптар мен шарттардың мынадай мазмұндағы жеке ұлттық тізбесімен толықтырылсын:
"Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №112 шешімімен |
Қырғыз Республикасы үшін Еуразиялық экономикалық
одақ шеңберінде шектеулердің, алып қоюлардың,
қосымша талаптар мен шарттардың ЖЕКЕ ҰЛТТЫҚ ТІЗБЕСІ
Шектеулердің, алып қоюлардың, | Шектеулердің, алып қоюлардың, қосымша талаптар мен шарттардың типі (Шартқа №16 қосымшаның тармақтары) |
Халықаралық шарт, |
| ||
1. Шарттың XVI, XIX, XX және XXI бөлімдерінде қамтылатын қызметтер көрсету мен қызмет түрлеріне қатысты Қырғыз Республикасы | 16,17,23,26, 28,31,33 және 35-тармақтар |
Шарт |
2. Жүзеге асыру үшін лицензия талап етілетін қызметті Қырғыз Республикасының заңды тұлғалары немесе Қырғыз Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген дара кәсіпкерлер ғана жүзеге асыра алады. Жүзеге асыру үшін лицензия талап етілетін қызмет түрлері, сондай-ақ лицензиаттың ұйымдық-құқықтық нысанын айқындау тәртібі Қырғыз Республикасының заңнамасымен белгіленеді. | 23, 26 және31-тармақтар |
"Қырғыз Республикасындағы |
3. Бұқаралық ақпарат құралдарын құру құқығы Қырғыз Республикасының қоғамдық бірлестіктеріне, ұйымдарының еңбек ұжымдарына және азаматтарына тиесілі. Осы шектеулерді Қырғыз Республикасы, егер мұндай шектеулер Қырғыз Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шеңберінде өзі қабылдаған және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 1998 жылғы 14 қазандағы хаттамада көзделген міндеттерін орындаумен сыйымсыз болған жағдайларда, қолданбайды. | 26 және 31-тармақтар |
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" |
4. Коньяк спиртін қоспағанда, этил спиртін өткізуді оны өндірген немесе импорттаған заңды тұлғалар ғана жүзеге асырады. | 33-тармақ |
"Этил спиртінің және алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" |
5. Қырғыз Республикасында адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған және Адвокатураның мүшесі болып табылатын Қырғыз Республикасының азаматтары ғана адвокат бола алады. Адвокаттардың ғана қылмыстық істер бойынша білікті заңдық көмек көрсетуге құқығы бар. | 23, 26 және 35-тармақтар |
"Адвокатура және адвокаттық қызмет туралы" |
6. Қырғыз Республикасының азаматы ғана жекеше нотариус бола алады. Осы шектеулерді Қырғыз Республикасы, егер мұндай шектеулер Қырғыз Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шеңберінде өзі қабылдаған және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 1998 жылғы 14 қазандағы хаттамада көзделген міндеттерін орындаумен сыйымсыз болған жағдайларда, қолданбайды. | 23 және 35-тармақтар |
"Нотариат туралы" 1998 жылғы 30 мамырдағы |
7. Қырғыз Республикасының азаматы ғана сот сарапшысы бола алады | 23,26 және 35-тармақтар |
"Сот-сараптамалық қызмет туралы" |
8. Қырғыз Республикасының аумағында тұрақты тұратын оның азаматы ғана патенттік сенім білдірілген адам болып тіркеле алады | 26-тармақ |
"Патенттік сенім білдірілген адам туралы" |
9. №16 қосымшаның 6-тармағы 22) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарында көрсетілген қызметтер көрсетуді жеткізу тәсілі арқылы қызметтер көрсету сауда-саттығына қатысты Қырғыз Республикасының аумағында пошталық қызметтер көрсету бойынша қолжетімділік пен қызметке қатысты кез-келген шараларды енгізу мен қолдану мүмкіндігі сақталады | 23 және 26-тармақтар | Қырғыз Республикасындағы қызметтер көрсетуге қатысты және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 1998 жылғы 14 қазандағы хаттамадан туындайтын Қырғыз Республикасының халықаралық міндеттері |
10. Қырғыз Республикасындағы жекеше детектив және күзет қызметін Қырғыз Республикасының заңды және жеке тұлғалары ғана жүзеге асыра алады | 23 және 26-тармақтар |
"Жекеше детектив және күзет қызметі туралы" |
11.Қырғыз Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шеңберінде өзі қабылдаған және 1994 жылғы 15 сәуірде Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 1998 жылғы 14 қазандағы хаттамада көзделген міндеттерін орындаумен сыйымсыз шараларды қоспағанда, тізбесін Қырғыз Республикасының Үкіметі белгілейтін жалпы мемлекеттік маңызы бар объектілер бойынша жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызметке қатысты шараларды енгізу және қолдану мүмкіндігі сақталады |
16, 17, 23, 26, 31, 33 және |
"Жер қойнауы туралы" |
12. Есірткі, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын әзірлеуді, өндіруді, дайындауды, өңдеуді, сақтауды, тасымалдауды, жөнелтуді, босатуды, сатуды, бөлуді, сатып алуды, пайдалануды Қырғыз Республикасының заңды және жеке тұлғалары ғана жүзеге асырады. |
16, 17, 23, 26, және |
"Лицензиялық рұқсат беру жүйесі туралы" 2013 жылғы 19 қазандағы Қырғыз Республикасының |
|
|
|
_______________________
- 2017 ж. 12 ақпанға дейін қолданылады