ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Шешім 01.01.2016 бастап күшіне енді - Еуразиялық экономикалық комиссияның сайты.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 8-бабының 4-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Қазақстан Республикасы 2016 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесінде төрағалық ететін мемлекет болып айқындалсын.
2. Осы Шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |