2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2607 00 000 1 кодымен жіктелетін кендерге және құрамында кемінде 45 мас. % қорғасын бар қорғасын концентратына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2015 жылғы 25 мамыр - 2017 жылғы 24 мамыр аралығында кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 6С ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
"6С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі мөлшерлемесі 2015 жылғы 25 мамыр - 2017 жылғы 24 мамыр аралығында қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |